Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам защиты материнства и детства

Заң · № 326-VI · қабылданған 13.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142773/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам защиты материнства и детства Қолданыста Заң ·№ 326-VI ·13.05.2020
13.05.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам защиты материнства и детства

Қолданыста Заң ·№ 326-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам защиты материнства и детства
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
326-VI
Қабылданған күні
13.05.2020
Көрсетілген редакция
13.05.2020 142773_462124.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2000000326
ЭКБ идентификаторы
142773
Редакция идентификаторы
142773_462124
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:33

0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж. № 16, 56-құжат):

1 1) 7-баптың 19) тармақшасында:

«өткізу жолымен» деген сөздер «ұйымдастыру арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қамтамасыз етеді» деген сөздерден кейін «, террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады» деген сөздермен толықтырылсын;

2 2) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

«17-1-бап. Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту
Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларға білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде әлеуметтік оңалту қамтамасыз етіледі.
Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту құқықтық, білім беру, психологиялық, медициналық, мәдени және әлеуметтік-тұрмыстық көрсетілетін қызметтерді қамтиды.».

2

2. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат):
10-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасында:
бесінші абзацтағы «және одан көп» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«сегіз және одан көп балаға – әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш;».

2 2-бап. Осы Заң, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы