О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 06.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2020 142774_461112.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20SEI06297
- ЭКБ идентификаторы
- 142774
- Редакция идентификаторы
- 142774_461112
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:35
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 2 наурыздағы № 09-08/51 ұсынысы негізінде, Ломоносов ауылдық округінiң әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі Урожайное ауылының «АЗКО» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауыруының ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Ломоносов ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2019 жылғы 20 қарашадағы № 34 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5669 болып тіркелген).