О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 20.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2020 142788_460835.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20Z0006179
- ЭКБ идентификаторы
- 142788
- Редакция идентификаторы
- 142788_460835
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:52
0 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.Дуйсенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Т.Егізбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 2020 жылғы 20 сәуірі
№ 76
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы «___» __________ № қаулысына қосымша
1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 «Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3988 тіркелген, 2015 жылы қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 54 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 «Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4739 тіркелген, 2017 жылы 31 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 252 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 «Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5811 тіркелген, 2019 жылы 14 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).