О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 297
- Қабылданған күні
- 14.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 142791_682110.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000297
- ЭКБ идентификаторы
- 142791
- Редакция идентификаторы
- 142791_682110
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:32
0 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 389-6-жолмен толықтырылсын:
«389-6. «Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамы»;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 397-жол алып тасталсын;