О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 297
- Қабылданған күні
- 14.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 142791_682110.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000297
- ЭКБ идентификаторы
- 142791
- Редакция идентификаторы
- 142791_682110
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:32
0 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 389-6-жолмен толықтырылсын:
«389-6. «Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамы»;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 397-жол алып тасталсын;