Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил (методики) ценообразования на товары, выработанные из нефти

Қаулы · № 299 · қабылданған 14.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142825/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил (методики) ценообразования на товары, выработанные из нефти Қолданыста Қаулы ·№ 299 ·14.05.2020
14.05.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил (методики) ценообразования на товары, выработанные из нефти

Қолданыста Қаулы ·№ 299 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил (методики) ценообразования на товары, выработанные из нефти
Атауы (қаз.)
Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
299
Қабылданған күні
14.05.2020
Көрсетілген редакция
14.05.2020 142825_463802.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000299
ЭКБ идентификаторы
142825
Редакция идентификаторы
142825_463802
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:31

0 Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы

«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 15 наурыздан бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңде жүзеге асырылған мұнайдан жасалған тауарларды жеткізуге (тиеп-жөнелтуге) қолданылады.

3 Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы»

2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)
10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеуді есептеу тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидалар трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауға жататын мұнайдан жасалған тауарларды сатып алу-сату шарттарына (бұдан әрі – шарт) сәйкес жасалатын мәмілелерге қатысты қолданылады.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) ақпарат көздері – Argus Media Limited басылымының Argus Каспий нарығы және Томсон Рейтерс басылымының «Орталық Азияның отын нарығы» тақырыптарындағы жарияланымдар;

2 2) мәміле бағасы – Заңмен реттелетін мәмілені жасау кезінде мәмілеге қатысушылар қолданатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы;

3 3) мұнайдан жасалған тауарлар – бензин, авиациялық және дизель отыны, мазут, вакуумдық газойль (СЭҚ ТН кодтары 2710 12 412 0, 2710 12 413 0,

2710 12 419 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0, 2710 12 510 0, 2710 12 590 0,
2710 19 421 0 0, 2710 19 422 0, 2710 19 423 0, 2710 19 424 0, 2710 19 425 0,
2710 19 210 0, 2710 19 620 1, 2710 19 640 1, 2710 19 660 1, 2710 19 680 1,
2710 19 620 9, 2710 19 640 9, 2710 19 660 9, 2710 19 680 9);

4

4) нарықтық баға – «қол созу» принципіне сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда бірдей (ал олар болмаған жағдайда – біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы.

2 2-тарау. Мұнайдан жасалған тауарларға мәміле (сату) бағасын анықтау тәртібі

4 4. Тіркелген баға бойынша жеткізулерді қоса алғанда, шарттар үшін нарықтық баға мынадай формула бойынша анықталады:

мұнда:
P – мұнайдан жасалған тауарларға нарықтық баға;
Pақп.көзі – мұнайдан жасалған тиісті тауарға ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі бағалардың бірқатар мәнінен алынатын, шартқа қосымшаға және/немесе қосымша келісімге қол қойған күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын және күнтізбелік он бес күннен кейін ақпарат көзінде жарияланатын баға;
D – шартта анықталған жеткізу жағдайларына байланысты ескерілетін, трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнайдан жасалған тауарларға мәміле бағасын салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын дифференциал.

5

5. Мәміле бағасын салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру мақсатында дифференциалға трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнайдан жасалған тауарларды сату (меншік құқығының ауысуы) жүргізілетін мұнайдан жасалған тауарларды шартта белгіленген жеткізу базисінен межелі нарыққа (жеткізу орнына) дейін жеткізу бойынша негізделген және құжаттамалық немесе ақпарат көздерімен расталған нақты шығыстар қосылады.

6

6. Мұнайдан жасалған тауарлар ақпарат көздерінде бағалар туралы ақпарат жоқ нарықтарға бекітілген баға бойынша сатылған жағдайда, нарықтық бағаны анықтау үшін шартқа қосымшаға және/немесе қосымша келісімге қол қойылған күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын және күнтізбелік он бес күннен кейін мұнайдан жасалған тиісті тауарға ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі бағалардың бірқатар мәнінен алынатын бағаны ескере отырып, ресми ақпарат көздерінде жарияланған еуропалық нарықтағы және (немесе) жақын географиялық нарықтағы бағаларды/баға белгіленімдерін пайдалануға жол беріледі.
______________________

Қолданыстағы