Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг

Қаулы · № А-5/260 · қабылданған 15.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142856/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг Қолданыста Қаулы ·№ А-5/260 ·15.05.2020
15.05.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг

Қолданыста Қаулы ·№ А-5/260 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-5/260
Қабылданған күні
15.05.2020
Көрсетілген редакция
15.05.2020 142856_461297.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20B0007854
ЭКБ идентификаторы
142856
Редакция идентификаторы
142856_461297
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:30

0 Мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын,

көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығына, «Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-р өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 70-р өкіміне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін келесі мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1% (алты бүтін оннан бір пайыз);
қарыз мерзімі – 12 (он екі) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз мерзімінің соңында, қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен;

2 2) көлемі – 32 480 000 000 (отыз екі миллиард төрт жүз сексен миллион) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы