Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Мангистаускому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Мангистаускому району
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/419
- Қабылданған күні
- 12.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2022 142894_612266.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20MG004213
- ЭКБ идентификаторы
- 142894
- Редакция идентификаторы
- 142894_612266
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:34
0 Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, 20-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
2
2. «Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы №8/101 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3367 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е. Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Қылаңовқа жүктелсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Маңғыстау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 12 мамырдағы
№37/419 шешіміне қосымша
Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№
Атауы
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
(ҚҚС есептемегенде)
1.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер (жеке тұлғалар)
айына 1 адамға
167,68
Ескерту:
аббревиатураның ажыратылып жазылуы:
ҚҚС – қосылған құн салығы.