Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 20 · қабылданған 15.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142901/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 ·15.05.2020
14.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
15.05.2020
Көрсетілген редакция
14.09.2020 142901_480972.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CEC07098
ЭКБ идентификаторы
142901
Редакция идентификаторы
142901_480972
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:31

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 12 мамырдағы № 2-18/203 ұсынысы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округінің Шеңбертал ауылына қарасты Басши қыстағында орналасқан «Ахмет» шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2 2. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы