О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 15.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2020 142916_461468.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NGB09195
- ЭКБ идентификаторы
- 142916
- Редакция идентификаторы
- 142916_461468
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:31
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы
20 сәуірдегі № 01-23/118 ұсынысы негізінде Диев ауылдық округінің
әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Қосағал ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Қосағал ауылы әкімінің «Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2019 жылғы
28 қазандағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 8723 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Диев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.