О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 383
- Қабылданған күні
- 15.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2021 142942_542985.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NR009198
- ЭКБ идентификаторы
- 142942
- Редакция идентификаторы
- 142942_542985
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:31
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2 2. Мыналар:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) беріледі;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін төлемақылар тиісті оқу жылы ішінде өтініш берген айынан бастап тағайындалады және әр кемтар балаға ай сайын төленеді деп белгіленсін;
5 5) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мынадай мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:
алушының және (немесе) баланың қайтыс болуы;
алушының және (немесе) баланың ауданнан тыс тұрақты тұруға кетуі;
баланың толық мемлекет қарауына берілуі;
алушының жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету;
6 6) артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
3 3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
11 Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Мәслихаттың
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 383 шешіміне
қосымша
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1. Мәслихаттың «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 (2014 жылғы 27 қарашада «Маяк» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5164 болып тіркелген) шешімі;
2
2. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 24 (2016 жылғы 2 маусымда «Маяк» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6373 болып тіркелген) шешімі;
3
3. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 311 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген) шешімі.