Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах оказания государственных услуг в области здравоохранения

Бұйрық · № ҚР ДСМ-49/2020 · қабылданған 18.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142960/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах оказания государственных услуг в области здравоохранения Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-49/2020 ·18.05.2020
30.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах оказания государственных услуг в области здравоохранения

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-49/2020 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах оказания государственных услуг в области здравоохранения
Атауы (қаз.)
Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-49/2020
Қабылданған күні
18.05.2020
Көрсетілген редакция
30.11.2022 142960_610746.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020665
ЭКБ идентификаторы
142960
Редакция идентификаторы
142960_610746
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:28

0 Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің

кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) ««Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

2 2) «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

3 3) «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары» бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
_____________________А. Жұмағалиев
2020 жылғы « »_________________

1 «Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18
мамырдағы
№ ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына
1-қосымша
«Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы ««Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және осы ««Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа адамға қатысты «электрондық үкімет» веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет тізбесінде баяндалған.

6

6. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

7 7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

9 9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

10 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

11 11. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

12 12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

1.1 ««Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Фтизиатрия» Фтизиопульмонология
орталығынан мәліметтер ұсыну"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына қосымша
««Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры
2.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ата­уы
Же­ке тұ­лға­лар
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал­ға сұ­рау бер­ген сәт­тен ба­стап – 30 (отыз) ми­нут
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Осы қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бес қо­сым­ша­ға сәй­кес ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын на­у­қа­стар­дың ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ға­ны ту­ра­лы (неме­се ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­удың бол­мауы) қа­рау ре­жи­мін­де­гі мә­лі­мет
7.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
8.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
Пор­тал жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы.
9.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Элек­трон­дық сұ­рау са­лу
10.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Сұ­рау са­лу жа­сал­ған адам­ның ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы
11.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Үшін­ші тұ­лға­лар­дың қыз­мет­ті алу шар­тта­ры: Пор­тал­да­ғы "же­ке ка­би­нет­тен" ұсы­ны­л­ған мә­лі­мет­тер сұ­ра­ты­лып отыр­ған тұл­ға­ның ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, сон­дай-ақ пор­тал­да­ғы ха­бар­ла­ма­ға жа­у­ап ре­т­ін­де бір рет­тік па­роль­ді бе­ру жо­лы­мен неме­се қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма­ны жі­бе­ру жо­лы­мен субъ­ек­ті­нің пор­тал­да тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы үшін­ші тұ­лға­лар­дың элек­трон­дық сұ­рау са­луы.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі –күн­тіз­бе­лік 10 күн.

1.2 «Фтизиатрия» Фтизиопульмонология

орталығынан мәліметтер ұсыну"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсетуге қойылатын
негізгі талаптарға
қосымша
нысан
Сведения/Мәлімет (туберкулезбен ауыратын науқастардың динамикалық бақылауда тұратыны немесе тұрмайтыны)
Берілген күні ________________________________________________
Дата выдачи
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
Туған күні __________________________________________________
Дата рождения
Мекенжайы _________________________________________________
Адрес (место жительства)
Динамикалық бақылауда тұратыны (тұрмайтыны) _________состоит/не состоит_________
На динамическом наблюдении
Деректер _________________________ақпараттық жұйесімен берілген
Данные предоставлены информационной системой ______________

2 «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18
мамырдағы
№ ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына
2-қосымша
«Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты «электрондық үкімет» веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет тізбесінде баяндалған.

6

6. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

7 7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

9 9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

10 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

11 11. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

12 12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

2.1 «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Психиатрия» Психикалық
денсаулық орталығынан мәліметтер
ұсыну» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
қосымша
«Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Қызмет берушінің атауы
Денсаулық сақтау ұйымдары
2.
Көрсетілетін қызметті алушының атауы
Жеке тұлғалар
3.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы
4.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут
5.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған)
6.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы динамикалық байқауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылаудың болмауы) қарау режиміндегі мәлімет
7.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
8.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
9.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Электрондық сұрау салу
10.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы
11.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Қолданылу мерзімі –күнтізбелік 10 күн.

2.2 «Психиатрия» Психикалық

денсаулық орталығынан мәліметтер
ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптарға
қосымша
Сведения/Мәлімет (психикалық
мінез-құлық бұзылуларымен науқастардың динамикалық бақылауда тұрғаны туралы (немесе
динамикалық бақылауда болмауы)
Берілген күні
________________________________________________
Дата выдачи
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
___________________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
Туған күні
__________________________________________________
Дата рождения
Мекенжайы
_________________________________________________
Адрес (место жительства)
Динамикалық бақылауда
тұратыны (тұрмайтыны) _________состоит/не состоит_________
На динамическом наблюдении
Деректер
_________________________ақпараттық жұйесімен берілген
Данные предоставлены
информационной системой _______________

3 «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына
3-қосымша
«Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы ««Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ««Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты «электрондық үкімет» веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.

6

6. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

7 7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

9 9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

10 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

11 11. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

12 12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

3.1. «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Наркология» Психикалық
денсаулық орталығынан мәліметтер
ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына қосымша
«Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры
2.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ата­уы
Же­ке тұ­лға­лар
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал­ға сұ­рау бер­ген сәт­тен ба­стап – 30 (отыз) ми­нут
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі­нің қо­сым­ша­сы­на сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­уда тұр­ға­ны ту­ра­лы (неме­се ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­уда бол­мауы) қа­рау ре­жи­мін­де­гі мә­лі­мет
7.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
8.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
Пор­тал жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы.
9.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Элек­трон­дық сұ­рау са­лу
10.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Сұ­рау са­лу жа­сал­ған адам­ның ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы
11.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Үшін­ші тұ­лға­лар­дың қыз­мет­ті алу шар­тта­ры: Пор­тал­да­ғы "же­ке ка­би­нет­тен" ұсы­ны­л­ған мә­лі­мет­тер сұ­ра­ты­лып отыр­ған тұл­ға­ның ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, сон­дай-ақ пор­тал­да­ғы ха­бар­ла­ма­ға жа­у­ап ре­т­ін­де бір рет­тік па­роль­ді бе­ру жо­лы­мен неме­се қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма­ны жі­бе­ру жо­лы­мен субъ­ек­ті­нің пор­тал­да тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы үшін­ші тұ­лға­лар­дың элек­трон­дық сұ­рау са­луы.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі – күн­тіз­бе­лік 10 күн.

3.2 «Наркология» Психикалық

денсаулық орталығынан мәліметтер
ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптарға
қосымша
Сведения/Мәлімет (наркологиялық науқастардың динамикалық бақылауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылауда болмауы)
Берілген күні ________________________________________________
Дата выдачи
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
Туған күні __________________________________________________
Дата рождения
Мекенжайы _________________________________________________
Адрес (место жительства)
Динамикалық бақылауда тұратыны (тұрмайтыны) _________состоит/не состоит_________
На динамическом наблюдении
Деректер _________________________ақпараттық жұйесімен берілген
Данные предоставлены информационной системой _______________

Қолданыстағы