Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из организаций начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»

Бұйрық · № 209 · қабылданған 18.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142971/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из организаций начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 209 ·18.05.2020
30.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из организаций начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 209 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из организаций начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»
Атауы (қаз.)
«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
209
Қабылданған күні
18.05.2020
Көрсетілген редакция
30.05.2023 142971_636713.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020668
ЭКБ идентификаторы
142971
Редакция идентификаторы
142971_636713
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:28

0 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2)  осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 18 мамыры
№ 209 бұйрығымен бекітілген
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес әзірленген және апостильді қою тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2 2. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1 1) апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба;

2 2) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

3

3) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

4

4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы.

3 3. Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты Гаага конвенциясына

мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

5

5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.egov.kz; не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талапттар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды береді.

6 6. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

7

7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды берген жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің Негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.

8

8. Облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні құжаттарды дайындауды жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне береді. Егер мемлекеттік Корпорация филиалдарының бөлімдері басқа елді мекендерде орналасқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының қызметкері (маманы) құжаттар келіп түскен күні оларды дайындауды жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияның курьері не пошта байланысы арқылы жіберуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.

9

9. Өтініш портал арқылы берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

10 10. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді;

2 2) жауапты құрылымдық бөлімше басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерге құжаттарды жолдайды;

3

3) жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды тіркеген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды берген жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде дәлелді бас тартуды дайындайды;

4

4) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және жауап алу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына сұрау салуды ресімдейді;

5

5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу расталған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарға апостиль қояды, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың өткізілетін әдісі және орны, уақыты туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты апостильдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

6

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарға қол қойғаннан кейін жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына тіркейді, содан кейін дайын құжаттарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей курьер арқылы немесе пошта байланысы арқылы мемлекеттік корпорацияға беру үшін жібереді.

11 11. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді;

2 2) жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттарды қабылдауды және толықтығын тексеруді жүзеге асырады, егер порталда барлық жолдар толтырылған және қосымшалар дұрыс бекітілген жағдайда, ақы төлеуге жібереді;

Егер өтініш беруші ақыны төлемесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3 3) көрсетілетін қызметті алушы ақы төлегеннен кейін жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және жауап алу үшін тиісті білім беру ұйымдарына сұрау салуды ресімдейді;

4

4) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру білім беру беру ұйымдарында оқуды растаған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» 4 (төрт) жұмыс күні ішінде апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын апостильдеу үшін орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы беру туралы хабарлама жібереді, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың өткізілетін әдісі және орны, уақыты туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, немесе портал арқылы «жеке кабинетіне» ұялы байланыс абоненттік құрылғысы бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты апостильдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

5

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде апостиль қою үшін құжаттарға қол қойғаннан кейін, сондай-ақ оларды құжаттарды тіркеу кітабына тіркегеннен кейін, дайын құжаттарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей курьер немесе пошта байланысы арқылы мемлекеттік корпорацияға беру үшін жібереді.

12 12. Қағаз жеткізгіште «апостиль мөртабаны бар дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

13 13. Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері талон негізінде және жеке басын куәландыратын құжатты және (немесе) сенімхатты көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

14

14. Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

15 15. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының

11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

16 16. Көрсетілетін қызметті беруші негізгі талаптар тізбеснің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлайды.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

17 17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

18 18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.

1 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы

орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарынан шығатын ресми
құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
қосымша
«Ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан шы­ға­тын ре­сми құ­жат­тар­ды апо­стиль­деу» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі Бі­лім са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі.
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) және «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
2) пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді:
1) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут;
2) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) /қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Пор­тал­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» алу ор­нын көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сі­нің дай­ынды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жі­бе­ру;
«апо­стиль» мөр­таң­ба­сы қой­ы­л­ған дай­ын құ­жат­тар­ды қа­ғаз жет­кіз­гіш­те бе­ру.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алуы­ша­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­сет­ке­ні үшін мем­ле­кет­тік баж алы­на­ды, ол «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы (Са­лық ко­дек­сі)» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сіне сәй­кес мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген 0,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды.
Мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға элек­трон­дық сұ­рау са­лу­ды пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Ал­дын ала тө­лен­ген жағ­дай­да тө­лем құ­жа­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі - Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Қа­был­дау «элек­трон­ды» ке­зек тәр­ті­бі­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды;
пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​edu.​gov.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сы: www.​gov4c.​kz, www.​egov.​kz.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се се­нім­хат бой­ын­ша өкіл Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де:
1) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және (неме­се) цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін);
3) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат (түп­нұс­қа);
4) мем­ле­кет­тік баж­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек (түп­нұс­қа).
пор­тал­ға:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы қой­ы­л­ған элек­трон­ды құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
2) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бюд­жет­ке алым со­ма­сы үшін тө­лен­ге­нін рас­тай­тын, же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім бе­ре­ді.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты көр­сет­кен кез­де және (неме­се) цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін) (не но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі) ар­қы­лы элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция нәти­же­ні бір ай бойы сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді, со­дан кей­ін олар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге одан әрі сақ­тау үшін бе­ре­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бір ай өт­кен соң жү­гін­ген кез­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның сұ­ра­уы бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бір жұ­мыс кү­ні ішін­де дай­ын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру үшін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жі­бе­ре­ді.
Ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өті­ніш­тің қа­был­дан­ға­нын рас­тау бо­лып та­бы­ла­ды.
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Ше­тел­дік ре­сми құ­жат­тар­ды заң­да­сты­ру та­лап­та­рын жо­я­тын 1961 жы­л­ғы 5 қа­зан­да­ғы Га­а­га Кон­вен­ци­я­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы.
10
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Ты­ныс-тір­ші­лі­гін шек­тей­тін ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры тұ­рақ­ты бұ­зы­лып, ден­са­улы­ғы на­шар­ла­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға қа­жет болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі 1414, 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 8 (7172) 74-23-75. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, 1414, 8-800-080-7777 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

1.1 ӨТІНІШ

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарынан шығатын ресми
құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің негізгі
талаптар тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрлігі Білім
саласында сапаны қамтамасыз
ету комитетінің Білім
саласында сапаны қамтамасыз
ету департаментінің
басшысына
кімнен (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
көрсетіледі)_______________
________________________
мекенжайы
________________________
________________________
________________________
байланыс телефоны
_________________________
_________________________
Ұйымның телефоны/факсы
жұмыс немесе оқу орны/
ӨТІНІШ
Сізден ____________________________________________________________________________
еліне бару үшін менің білім туралы құжатымды апостильдеуді сұраймын (керегін сызыңыз):
1) табель;
2) аттестат (жалпы орта білім туралы, жалпы орта білім туралы үздік, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі»);
3) колледж (техникалық және кәсіптік білім туралы, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік), лицей, училище (орта білімнен кейінгі білім туралы, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік) бітіргені туралы диплом;
4) Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама;
5) басқалар
Мынадай құжаттар тапсырылды:
1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) Білім туралы құжатқа қосымшаның түпнұсқасы;
Күні ___________________ Өтініш
беруші______________________________________
________________________________________________________________________________
Мынадай құжаттар тапсырылды:
Төлемақы жасау реквизиттері:
Апостиль - Сарыарқа ауданы
БИН: 981140001115
БИК: ККМFKZ2A
КБК: 108125
КНП: 991
Мемлекеттік баж: бір құжатқа 0,5 АЕК
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
____________________ 20 ______ жылғы «_______»
_____________________________
(қолы)

1.2 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарынан шығатын ресми
құжаттарды апостильдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
негізгі талаптар
тізбесіне 2-қосымша
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
(бұдан әрі - Т.А.Ә.) немесе
ұйымның атауы)
____________________________
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №_______ бөлімі ______________________________ (мекенжайын көрсету)
Сіздің «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесіне көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды беруіңізге байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) __________________________________________;
2) __________________________________________;
3) __________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
_____________________________________________
_____________________________________________
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы) (күні)

2 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1 1. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығының 1-тармағының

1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 11260 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған);

2 2. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығының 1-тармағының

1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 12066 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 қазанда жарияланған);

3

3. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 87 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13426 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 сәуірдегі жарияланған);

4 4. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы

23 ақпандағы № 164 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13511 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 наурызда жарияланған);

5

5. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 119 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 15067 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 мамырда жарияланған);

6 6. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы

8 маусымдағы № 267 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 15322 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 шілдеде жарияланған).

Қолданыстағы