Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 110 · қабылданған 22.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142992/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 110 ·22.04.2020
06.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 110 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
110
Қабылданған күні
22.04.2020
Көрсетілген редакция
06.01.2021 142992_508104.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VS007087
ЭКБ идентификаторы
142992
Редакция идентификаторы
142992_508104
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:50

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2

2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 26 қарашада 3558 нөмірімен тіркелген, «Уба-Информ» газетінде 2014 жылғы 10 желтоқсанда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 08 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын, Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 64 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 06 мамырда 4536 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 31 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.А. Горьковойға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Шемонаиха аудандық
мәслихатының хатшысы А. Боровикова
«___» __________ 2020 жылы

5 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

2020 жылғы 22 сәуірі
№ 110
Қаулыға қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік мекеменің мамандар лауазымдары:

1 1) Негізгі персонал: әлеуметтік қызметкер;

2 2) Көмекші персонал: ассистент.

2 2. Білім беру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мамандар лауазымдары:

1 1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;

2 2) Негізгі персонал: педагог, музыкалық жетекші, тәрбиеші, аға тәлімгер, әдіскер, аккомпаниатор, өндірістік оқыту шебері, медициналық бике;

3 3) Әкімшілік персонал: кітапхана меңгерушісі.

3 3. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мамандар лауазымдары:

1 1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) Негізгі персонал: музыкалық жетекші, музыкалық жетекші-аккомпаниатор, көркемдік жетекші, әдіскер, аға мәдени ұйымдастырушы, мәдени ұйымдастырушы, мәдени ұйымдастырушы-хореограф, мәдени ұйымдастырушы-қоюшы, мәдени ұйымдастырушы-үйірме жетекшісі (хор, топ), кітапханашы.

4 4. Спорт саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің мамандар лауазымдары:

1 1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы;

2 2) Негізгі персонал: жаттықтырушы-оқытушы, әдіскер, дәрігер.

Қолданыстағы