Құжат мәтініне өту

Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан

Бұйрық · № 196 · қабылданған 18.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143009/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 196 ·18.05.2020
18.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 196 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
196
Қабылданған күні
18.05.2020
Көрсетілген редакция
18.05.2020 143009_517450.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020677
ЭКБ идентификаторы
143009
Редакция идентификаторы
143009_517450
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:29

0 Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 18 мамыры
№ 196 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары
р/с №
Өңір
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен
1.
Нұр-Сұлтан қаласы
24 537 (жиырма төрт мың бес жүз отыз жеті)
2.
Алматы қаласы
19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)
3.
Шымкент қаласы
20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)
4.
Ақмола облысы
24 537 (жиырма төрт мың бес жүз отыз жеті)
5.
Ақтөбе облысы
5 574 (бес мың бес жүз жетпіс төрт)
6.
Алматы облысы
19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)
7.
Атырау облысы
6 340 (алты мың үш жүз қырық)
8.
Батыс Қазақстан облысы
10 541 (он мың бес жүз қырық бір)
9.
Жамбыл облысы
18 775 (он сегіз мың жеті жүз жетпіс бес)
10.
Қарағанды облысы
24 537 (жиырма төрт мың бес жүз отыз жеті)
11.
Қостанай облысы
17 305 (он жеті мың үш жүз бес)
12.
Қызылорда облысы
7 268 (жеті мың екі жүз алпыс сегіз)
13.
Маңғыстау облысы
12 552 (он екі мың бес жүз елу екі)
14.
Түркістан облысы
20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)
15.
Шығыс Қазақстан облысы
7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)

Қолданыстағы