Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах ввоза в Республику Казахстан и эксплуатации гражданами Республики Казахстан отдельных транспортных средств, зарегистрированных в Республике Армения

Қаулы · № 306 · қабылданған 20.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143024/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О некоторых вопросах ввоза в Республику Казахстан и эксплуатации гражданами Республики Казахстан отдельных транспортных средств, зарегистрированных в Республике Армения Қолданыста Қаулы ·№ 306 ·20.05.2020
24.03.2022 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах ввоза в Республику Казахстан и эксплуатации гражданами Республики Казахстан отдельных транспортных средств, зарегистрированных в Республике Армения

Қолданыста Қаулы ·№ 306 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах ввоза в Республику Казахстан и эксплуатации гражданами Республики Казахстан отдельных транспортных средств, зарегистрированных в Республике Армения
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
306
Қабылданған күні
20.05.2020
Көрсетілген редакция
24.03.2022 143024_565608.kaz
Соңғы өзгеріс
24.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000306
ЭКБ идентификаторы
143024
Редакция идентификаторы
143024_565608
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:27

0 Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2023 жылғы 1 наурызға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай шаралар қабылдасын:

1 1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағының

1.1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін алым мен Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік баждар төлей отырып, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына
2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу;

2 2) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу кезінде берілетін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің типін бекіту;

3 3) меншік иесі осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, тіркелген көлік құралдарын бастапқы тіркеу не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда оған қатысты тіркеу іс-әрекеттерін жасауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.

2

2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік құралын тіркеуді жүзеге асыру кезінде Армения Республикасының уәкілетті органдары берген көлік құралдарын тіркеу құжаттарының түпнұсқаларын және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін меншік иелері сұрағанға дейін сақтауды және осы қаулының 1-тармағының
1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылған жағдайда оларды беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, тіркелген көлік құралдары меншік иелерінің салық міндеттемелерін төлеу және міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мүмкіндігін қамтамасыз етсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, меншік иесі оны бастапқы тіркеу не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы шешім қабылдағанға дейін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, тіркелген көлік құралдарын пайдалануға шектеулердің жоқ екені жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін.

5

5. Қазақстан Республикасы Қаржы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, тіркелген көлік құралының меншік иесі оны бастапқы тіркеу туралы шешім қабылдағанға дейін кедендік баждарды, бастапқы тіркеу үшін алымдарды және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері шеңберінде қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемді төлеу қажеттігінің жоқ екені жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін.

6

6. Қазақстан Республикасы Қаржы және Ішкі істер министрліктері Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін Қазақстан Республикасына Армения Республикасынан көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған адамдарға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдасын.

7

7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісу бойынша) және Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша) 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін ішкі істер органдарының басқа елдердің уәкілетті органдарында тіркелген көлік құралдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы мәліметтерге, олардың иелері және оларды жүргізетін адамдар туралы деректерге қолжетімділігін ұйымдастыру үшін «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» және «Бүркіт» ведомстволық ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз етсін.

8 8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

9 9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы