Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы
- Атауы (қаз.)
- Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 225
- Қабылданған күні
- 04.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2021 143097_514920.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VK007057
- ЭКБ идентификаторы
- 143097
- Редакция идентификаторы
- 143097_514920
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:39
0 Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Зайсан ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 531 «Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6237 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 07 қарашада электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Зайсан ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3 3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н.Н. Қабидолдинаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Зайсан ауданының әкімдігінің
2020 жылғы «4» мамырдағы
№ 225 қаулысына қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды,
сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердіңтізімдік саны (адам)
Квота
мөлшері
(%)
Жұмыс орындарының саны (адам)
1
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Зайсан ауданының орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
495
1
5
2
«Зайсан аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
106
1
1
3
«Зайсан құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
212
1
2
4
«СМУ-Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
142
1
1
Барлығы
955
9