О переименования улиц в селе Аса Асинского сельского округа и уточнение транскрипции улиц в селе Аса и Рахат Асинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименования улиц в селе Аса Асинского сельского округа и уточнение транскрипции улиц в селе Аса и Рахат Асинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Аса ауылдық округінің Аса ауылындағы көшелер атауларын қайта атау және Аса ауылдық округінің Аса және Рахат ауылдарындағы көшелер атауларының транскрипциясын нақтылау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 21.05.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2020 143105_462440.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20GCA04610
- ЭКБ идентификаторы
- 143105
- Редакция идентификаторы
- 143105_462440
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:24
0 Аса ауылдық округінің Аса ауылындағы көшелер
атауларын қайта атау және Аса ауылдық
округінің Аса және Рахат ауылдарындағы
көшелер атауларының транскрипциясын
нақтылау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Аса ауылдық округінің Аса ауылының төмендегі көшелері қайта аталсын:
Абай көшесінің 1-бұрылысын Береке көшесіне;
Абай көшесінің 2-бұрылысын Лашын көшесіне;
Абай көшесінің 3-бұрылысын Достық көшесіне;
Абай көшесінің 4-бұрылысын Ақсу көшесіне;
Абай көшесінің 5-бұрылысын Жібек жолы көшесіне;
С.Сейфуллин 2 көшесін Алаш көшесіне;
Желтоқсан көшесінің 2-бұрылысын Тәуелсіздік көшесіне;
Төле би бұрылысын Көктерек көшесіне;
Ы. Алтынсарин көшесінің 2-бұрылысын Ақжар көшесіне.
2 2. Аса ауылдық округінің Аса ауылындағы көшелердің атауының транскрипциясы нақтылансын:
Аса ауылының орталық көшесінің атауының транскрипциясы Абай көшесі болып нақтылансын;
Бауыржан Момышұлы көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Төле би көшесі болып нақтылансын;
Шәмші Қалдаяқов көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Мұқтар Әуезов көшесі болып нақтылансын;
Керімбек Шманов көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Тұрар Рысқұлов көшесі болып нақтылансын;
Төле би көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Бауыржан Момышұлы көшесі болып нақтылансын;
Бауыржан Момышұлы көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Жетітөбе көшесі болып нақтылансын;
Темір жол көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Ғани Мұратбаев көшесі болып нақтылансын;
Сейдахмет Махашев көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Жамбыл көшесі болып нақтылансын;
Абай көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Кемелбек Жүнісов көшесі болып нақтылансын;
Базар Қилыбаев көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Мәншүк Маметова көшесі болып нақтылансын;
Мәншүк Маметова көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Әлия Молдағұлова көшесі болып нақтылансын;
Мұқтар Әуезов көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Амангелі Иманов көшесі болып нақтылансын;
Шәмші Қалдаяқов көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Қойгелді көшесі болып нақтылансын;
Шоқан Уалиханов көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Сәкен Сейфуллин көшесі болып нақтылансын;
Сәкен Сейфуллин көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Шоқан Уалиханов көшесі болып нақтылансын;
Ғани Мұратбаев көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Желтоқсан көшесі болып нақтылансын;
Сәкен Сейфуллин көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Дінмұхамед Қонаев көшесі болып нақтылансын;
Тұрар Рысқұлов көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Керімбек Шманов көшесі болып нақтылансын.
3 3. Аса ауылдық округінің Рахат ауылындағы көшелердің атауының транскрипциясы нақтылансын:
Гагарин көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Ақын Жақсылықов көшесі болып нақтылансын;
Гагарин көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Сейдахмет Айдаров көшесі болып нақтылансын.