Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 2139 · қабылданған 21.05.2020
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143106/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 2139 ·21.05.2020
26.10.2020 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 2139 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
upd
Нөмірі
2139
Қабылданған күні
21.05.2020
Көрсетілген редакция
26.10.2020 143106_489559.kaz
Соңғы өзгеріс
26.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CA007129
ЭКБ идентификаторы
143106
Редакция идентификаторы
143106_489559
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:25

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. «Транстелеком» акционерлік қоғамымен «Ақтөбе-Озинки» магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін, Ақтөбе қаласы аумағында орналасқан жалпы көлемі 11,90 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы