Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 166
- Қабылданған күні
- 15.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2021 143134_508085.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VO007107
- ЭКБ идентификаторы
- 143134
- Редакция идентификаторы
- 143134_508085
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:31
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 146 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-15-113 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 23 маусымда жарияланған), Көкпекті ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 317 « Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6230 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 6 қарашада жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квота мөлшері
Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша
2020 жылғы 15 мамыры
№ 166
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квота мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар
Квота мөлшері (%)
елуден жүз адамға дейін
2
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елу бірден артық адам
4