Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере геологии и пользования водными ресурсами

Бұйрық · № 117 · қабылданған 22.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143179/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере геологии и пользования водными ресурсами Қолданыста Бұйрық ·№ 117 ·22.05.2020
21.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере геологии и пользования водными ресурсами

Қолданыста Бұйрық ·№ 117 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере геологии и пользования водными ресурсами
Атауы (қаз.)
Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
117
Қабылданған күні
22.05.2020
Көрсетілген редакция
21.04.2025 143179_752849.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020723
ЭКБ идентификаторы
143179
Редакция идентификаторы
143179_752849
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:23

0 Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекiту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

5 5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

6 6) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізім бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
1-қосымша
«Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасының (бұдан әрі – ЖҚПБП) ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы электрондық түрде су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Талаптардың тізбесі) жазылған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті тіркеудің бірыңғай есептік нөмірін, күнін және уақытын көрсете отырып және мемлекеттік көрсетілетін қызметтіалу күнін көрсете отырып, мәртебе көрсетіледі.

5

5. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
ЖҚПБП-да мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.

6

6. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ЖҚПБП-дан мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде беріледі.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11 11. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

1.1 Өтініш

«Су объектілерінің
сарқылуына жол бермеуге
бағытталған су қорғау
іс-шараларын келісу»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
Геология комитетінің
____________________________
(облыс/қала) бойынша аумақтық
бөлімшесі
Өтініш
Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған қорғау
іс-шараларын келісуіңізді сұраймын.
Объектінің географиялық координаттарда орналасуы:
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің

Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...
Өзім (-із) туралы мәліметтерді ұсынамын:
заңды тұлғалар үшін:
атауы ________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ________ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
төлқұжат деректері ____________________________
азаматтығы __________________________________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері;
өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

1.2 «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Су объектілерінің
сарқылуына жол бермеуге
бағытталған су қорғау
іс-шараларын келісу» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
«Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі Гео­ло­гия ко­ми­тетiнiң аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы» (бұ­дан әрі – ЖҚ­ПБП) ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ту мер­зі­мі – 7 жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Су объ­ек­ті­ле­рі­нің сар­қы­луын бол­дыр­мау­ға ба­ғыт­тал­ған су қор­ғау іс-ша­ра­ла­рын ке­лі­су не дәлел­ді бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) ЖҚ­ПБП – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) су объ­ек­ті­ле­рі­нің сар­қы­луын бол­ғы­з­ба­у­ға ба­ғыт­тал­ған су қор­ғау іс-ша­ра­ла­ры бағ­дар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­ке­удің (қай­та тір­ке­удің) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет
көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ко­дек­сі­нің 112 және 115-бап­та­ры­на сәй­кес та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған жағ­дай­да;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған жағ­дай­да.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ЖҚ­ПБП ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы «1414», 8-800-080-7777 ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.

1.3 Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу хабарлама

«Су объектілерінің сарқылуына
жол бермеуге бағытталған су
қорғау іс-шараларын келісу»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су
қорғау іс-шараларын келісу хабарлама
Өтініш берушіге ________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
Өңіраралық департаменттің қарауына ұсынылды:

1 1) «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларының бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) - 1 дана.

Бағдарлама әзірленіп, қарастыруға және _________________ келісуге ұсынылды.
Бағдарлама ___________________сәйкес құрастырылған.
Бағдарлама _______________________үшін әзірленген.
Бағдарламада көзделген: __________________
Қорытынды: Бағдарлама келісілді/
Департамент мынадай негіздер бойынша келісуден бас тартады (себебін көрсету)_________________________________________
Келіспеген жағдайда «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 3-тарауына сәйкес Сіз мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
Департамент басшысы
Орындаушы (Т.А.Ә., телефоны)
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

2 «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
2-қосымша
«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы электрондық түрде су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Талаптардың тізбесі) жазылған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде – автоматты тіркеу жүргізіледі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті тіркеудің бірыңғай есептік нөмірін, күнін және уақытын көрсете отырып және мемлекеттік көрсетілетін қызметтіалу күнін көрсете отырып, мәртебе көрсетіледі.

5

5. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
ЖҚПБП-да мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі және сақталады.

6

6. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

8

8. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8555 тіркелді) белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11 11. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

2.1 Өтініш

«Су объектілерінің жай-
күйіне әсер ететін объектілерді
салуға, реконструкциялауға
(кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық
қайта жарақтандыруға, қайта
бейіндеуге), пайдалануға,
консервациялауға, жоюға
(кейіннен кәдеге жаратуға)
қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Өтініш
Сізден су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беруді сұраймын.
Объектінің географиялық координаттарда орналасуы:
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің

Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...
Өзім туралы мәліметтерді ұсынамын (-ыз):
заңды тұлғалар үшін:
атауы: ________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ________ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
төлқұжат деректері ____________________________
азаматтығы __________________________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

2.2 «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Су объектілерінің жай-күйіне
әсер ететін объектілерді салуға,
реконструкциялауға (кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық қайта
жарақтандыруға, қайта бейіндеуге),
пайдалануға, консервациялауға,
жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға)
қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді
салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық
қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға
(кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың
тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі Гео­ло­гия ко­ми­тетiнiң аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы» (бұ­дан әрі – ЖҚ­ПБП) ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі – 7 жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Су объ­ек­ті­ле­рі­нің жай-күй­іне әсер ете­тін объ­ек­ті­лер­ді са­лу­ға, ре­кон­струк­ци­я­ла­у­ға (ке­ңей­ту­ге, жаң­ғыр­ту­ға, тех­ни­ка­лық қай­та жа­рақ­тан­ды­ру­ға, қай­та бей­ін­де­у­ге), пай­да­ла­ну­ға, кон­сер­ва­ци­я­ла­у­ға, жо­ю­ға (кей­ін­нен кә­де­ге жа­ра­ту­ға) қо­ры­тын­ды неме­се дәлел­ді бас тар­ту.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) ЖҚ­ПБП – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ЖҚ­ПБП-да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) жо­ба­лық құ­жат­та­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­ке­удің (қай­та тір­ке­удің) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ко­дек­сі­нің 55 және 125-бап­та­ры­на сәй­кес та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған жағ­дай­да.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ЖҚ­ПБП ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы «1414», 8-800-080-7777 ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.

3.3 Қорытынды

«Су объектілерінің жай-күйіне
әсер ететін объектілерді салуға,
реконструкциялауға (кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық қайта
жарақтандыруға, қайта бейіндеуге),
пайдалануға, консервациялауға,
жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға)
қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Қорытынды
Өңіраралық департаменттің қарауына ұсынылды:
1) «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Жобалық құжаттама – 1 дана.
Жоба әзірленіп, қарастыруға және _________________ келісуге ұсынылды.
Жоба ___________________сәйкес құрастырылған.
Жоба_______________________үшін әзірленген.
Жобада көзделген: __________________
Қорытынды:Жоба келісілді/Департамент келесі негіздер бойынша келісуден бас тартады (себебін көрсету)_________________________________________
«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 3-тарауына сәйкес келіспеген жағдайда, Сіз мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

3 «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
3-қосымша
«Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы электрондық түрде отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке қызмет түрімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлеуді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде – өтінішті автоматты тіркеу жүргізіледі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті тіркеудің бірыңғай есептік нөмірін, күнін және уақытын көрсете отырып және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін көрсете отырып, мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Талаптардың тізбесі) жазылған.

5 5. Берілген лицензиялар сыртқы сауда қызметінің басқа қатысушыларына қайта ресімдеуге жатпайды.

Берілген лицензияларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші бір жолғы лицензия береді.

6 6. Тіркеу нөмірі барлық жолдар толтырылып, құжаттарды жүктегеннен және өтінім жіберілген күні көрсетілетін қызметті алушы өтінімді жібергеннен кейін ЖҚПБП-да автоматты түрде беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда құжаттардың тіркеу нөмірі келесі жұмыс күні беріледі.
Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті тіркеген және құжаттарды алған сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде құжаттардың осы Қағидаларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар бары анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті одан әрі қарастырудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу келісімі болмаған жағдайда бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша 3 күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.

7

7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша 3 күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

8

8. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

9

9. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8555 тіркелді) белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

10 10. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12 12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

3.1 Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беруге арналған өтініш

«Отын-энергетикалық және
минералды шикізат аудандары
мен кен орындары бойынша
жер қойнауы туралы ақпараттың
экспортына лицензия беру»
мемлекеттiк қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беруге арналған өтініш
_____________________________
(Мемлекеттік органның атауы)
Отын-энергетика және минералдық шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты экспорттауға лицензия беруді сұраймын.
1. Қолданылу кезеңі___бастап ___дейін
2. Лицензияның типі: _____.
3. Келісімшарт ____ жылғы № ___
4. Сатып алушы: _____.
5. Сатып алушының елі: ________.
6. Келісімшарт валютасы: _______.
7. Құны: _______.
8. Статистикалық құны: _______.
9. Шығарылған елі:_______.
10. Саны: _______.
11. Өлшем бірлігі: _______.
12. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы: __________.
13. Лицензия беру үшін негіздеме: __________.
Өзім (-із) туралы мәліметтерді ұсынамын (-ыз):
заңды тұлғалар үшін:
атауы: ________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ________ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
төлқұжат деректері ____________________________
азаматтығы __________________________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері;
өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.
Лицензияны беруге арналған өтінішке қосымша
«___» _____________ № _______________ өті­ніш­ке қо­сым­ша
Р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
са­ны
өл­шем бір­лі­гі
құ­ны
Р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
са­ны
өл­шем бір­лі­гі
құ­ны
Бар­лы­ғы па­рақ.__ __

3.2 «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Отын-энергетикалық және
минералды шикізат аудандары
мен кен орындары бойынша жер
қойнауы туралы ақпараттың
экспортына лицензия беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
«Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен
кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі­нің Гео­ло­гия ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы» (бұ­дан әрі – ЖҚ­ПБП) ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет мер­зі­мі
Көр­се­ту мер­зі­мі – 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сi
Отын-энер­ге­ти­ка­лық және ми­не­рал­ды ши­кі­зат аудан­да­ры мен кен орын­да­ры бой­ын­ша жер қой­на­уы ту­ра­лы ақ­па­рат­тың экс­пор­ты­на ли­цен­зия бе­ру және (неме­се) оған қо­сым­ша, не осы Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрi – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы түр­де көр­сетiледi. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша бюд­жет­ке қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым тө­ле­не­ді:
1)ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды.
2)Ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін ли­цен­зи­я­лық алым тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген 1 (бір) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды.
Ли­цен­зи­я­лық алым­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­мі­нің бі­рың­ғай опе­ра­то­ры­ның бкін­ші дең­гей­де­гі банк­те­гі есеп ай­ы­ры­су шо­ты­на ен­гіз­ген ақ­ша­сын көр­се­ту үшін пай­да­ла­ны­ла­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЖҚ­ПБП-да (элек­трон­дық әми­ян) дер­бес шо­ты ар­қы­лы тө­лей­ді.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) ЖҚ­ПБП – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша отын-энер­ге­ти­ка­лық және ми­не­рал­ды ши­кі­зат аудан­да­ры мен кен орын­да­ры бой­ын­ша жер қой­на­уы ту­ра­лы ақ­па­рат­тың экс­пор­ты­на ли­цен­зия бе­ру­ге өті­ніш;
2) сырт­қы са­уда шар­ты­ның (ке­лі­сім­шар­ты­ның), оған қо­сым­ша және (неме­се) то­лық­ты­ру­дың (бір жол­ғы ли­цен­зия үшін) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, ал сырт­қы са­уда шар­ты (ке­лі­сім­шар­ты) бол­ма­ған жағ­дай­да – та­рап­тар­дың ни­е­тін рас­тай­тын бас­қа құ­жат­тың кө­шір­ме­сі;
3) «Та­у­ар­лар экс­пор­ты мен им­пор­тын ли­цен­зи­я­лау жө­нін­де­гі қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мен олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сін, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу­ға ар­нал­ған өті­ніш­тер­дің ны­сан­да­рын, ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 67 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11074 бо­лып тір­кел­ген) та­у­ар­лар экс­пор­ты мен им­пор­тын ли­цен­зи­я­лау жө­нін­де­гі қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мен олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кес бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­ке­удің (қай­та тір­ке­удің) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­рын­да то­лық емес және дұ­рыс емес мә­лі­мет­тер­дің бо­луы;
2) осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі­нің 8-тар­ма­ғы 3) тар­мақ­ша­сы­ның көз­дел­ген та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы;
3) ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ге негіз бо­ла­тын бір неме­се бір­не­ше құ­жат­тар­дың қол­да­ны­сын тоқ­та­ту неме­се тоқ­та­та тұ­ру;
4) іс­ке асы­ру үшін ли­цен­зи­я­сы сұ­ра­ты­ла­тын шар­тты (ке­лі­сім­шар­тты) орын­дау сал­да­ры бо­луы мүм­кін мү­ше мем­ле­кет­тер­дің ха­лы­қа­ра­лық мін­дет­те­ме­ле­рі­нің бұ­зы­луы;
5) кво­та­ның, сон­дай-ақ та­риф­тік кво­та­ның та­у­сы­луы не олар­дың бол­мауы (кво­та­лық та­у­ар­лар­ға ли­цен­зия ре­сім­де­ген жағ­дай­да);
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ЖҚ­ПБП ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы «1414», 8-800-080-7777 ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.

4 «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
4-қосымша
«Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы электрондық түрде жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру туралы өтініш береді.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 251-бабының 5-тармағына сәйкес өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Талаптардың тізбесі) жазылған.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

5 5. ЖҚПБП-ға өтініш берген кезде автоматты түрде жер қойнауының кеңістігін пайдалануға сұрау салынатын учаске(лер) аумақтарын беру мүмкіндігіне бостығына тексеріс жүзеге асырылады. Егер тексеру нәтижелері теріс болса, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бере алмайды.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы ұсынған кезде -көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» бірегей есептік нөмірі, өтінішті тіркеу күні мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген мәртебе көрсетіледі.

6

6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия түрінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қол қояды және ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектісі арқылы жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» сақталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер ЖҚПБП-дан Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде беріледі.

7 7. Лицензия мынадай жағдайларда қайта ресімделуге жатады:

жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтерді өзгерту:
жеке тұлғалар үшін – тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және (немесе) азаматтығын өзгерту;
заңды тұлғалар үшін – атауын немесе орналасқан жерін өзгерту;
жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің ауысуы;
лицензия мерзімін ұзарту;
жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасын өзгерту.
Лицензияны қайта ресімдеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы беретін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеуге арналған өтініш бойынша жүргізіледі.

8

8. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10 10. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12 12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

4.1 Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініш

«Жер қойнауы кеңістігін
пайдалануға арналған лицензияны
беру» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
__________________________
__________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы
өтініш
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беруді сұраймын.
Өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауының тиісті учаскесін айқындайтын аумақтың ауданы:_________.
Сұратылған жер қойнауы учаскесін пайдалану мерзімі: _________.
Жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсаты: _______________.
Объектінің географиялық координаттарда орналасуы:
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің

Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...
Өзім (-із) туралы мәліметтерді ұсынамын (-ыз):
заңды тұлғалар үшін:
атауы: ________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банк деректемелері: _________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________
жеке сәйкестендіру коды _________________________________
банктік сәйкестендіру коды _________________________________
банктің атауы _________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ________ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
төлқұжат деректері ____________________________
азаматтығы __________________________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банк деректемелері: _________________________________
жеке сәйкестендіру коды _________________________________
банктік сәйкестендіру коды _________________________________
банктің атауы _________________________________
бенефициар коды _________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері;
өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

4.2 «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Жер қойнауы кеңістігін
пайдалануға арналған лицензияны
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
«Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі­нің Гео­ло­гия ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы» (бұ­дан әрі – ЖҚ­ПБП) ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
1) ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні;
2) қай­та ре­сім­деу ке­зін­де –7 (же­ті) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ны бе­ру неме­се дәлел­ді бас тар­ту
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы (Са­лық ко­дек­сі)» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің 726-ба­бы 1-тар­ма­ғы­ның 4) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес - 400 (төрт жүз) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш қол қой­ы­ла­тын бо­нус тө­лей­ді.
Қол қою бо­ну­сын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­гі мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­мі­нің бі­рың­ғай опе­ра­то­ры­ның есеп ай­ы­ры­су шо­ты­на ен­гіз­ген ақ­ша­сын көр­се­ту үшін пай­да­ла­ны­ла­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЖҚ­ПБП-да­ғы же­ке шо­ты (элек­трон­дық әми­ян) ар­қы­лы тө­лей­ді.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да Аста­на уа­қы­ты бой­ын­ша са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен Аста­на уа­қы­ты бой­ын­ша са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
ЖҚ­ПБП-ның жұ­мыс кесте­сі – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну­ға ли­цен­зия бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­тің 1 және 2-тар­мақ­та­рын­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
«Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің 252-ба­бы 1-тар­ма­ғы­ның 3-бө­лі­гіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес мем­ле­кет­тік са­рап­та­ма­ның оң қо­ры­тындыс­ын ал­ған, же­ра­с­ты құ­ры­лы­сжай объ­ек­ті­сі­нің си­патта­ма­сын, оны оқ­ша­у­лау си­патта­ма­сын, тау-кен жы­ны­ста­ры­ның ти­пін, кол­лек­тор қат­та­ры­ның же­ра­с­ты те­рең­ді­гін және ти­ім­ді қу­а­тын, оның ала­ңын, ке­уек­ті­лік ко­эф­фи­ци­ен­тін, тө­се­ле­тін және жа­бы­ла­тын су ті­ре­гі­нің си­патта­ма­сын, же­ра­с­ты су­ла­ры­ның та­би­ғи ағы­сы­ның жыл­дамды­ғын, кө­му­дің, қой­ма­ға жи­нап қою мен ағы­зу­дың са­па­лық және сан­дық көр­сет­кіш­те­рін, тау-кен тех­ни­ка­лық, ар­на­у­лы ин­же­нер­лік-гео­ло­ги­я­лық, гид­ро­гео­ло­ги­я­лық және эко­ло­ги­я­лық шар­тта­рын қам­ти­тын, «Гео­ло­ги­я­лық есеп­тің ны­са­нын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2018 жы­л­ғы 31 ма­мыр­да­ғы № 418 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 17069 бо­лып тір­кел­ген) ны­сан бой­ын­ша гео­ло­ги­я­лық есеп­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
өнім­нің ата­уы, тех­ни­ка­лық өн­ді­ріс неме­се ол тү­зі­ле­тін про­цесс, оның фи­зи­ка­лық си­патта­ма­сы, то­лық хи­ми­я­лық құ­ра­мы, уыт­ты ком­по­нент­тер­дің құ­ра­мы, өрт қа­у­пі, жа­ры­лыс қа­у­пі, ері­гіш­ті­гі, сақ­тау ке­зін­де бас­қа заттар­мен үй­ле­сім­ді­лі­гі, негіз­гі ла­ста­у­шы ра­ди­о­нук­лид­тер, олар­дың бел­сен­ді­лі­гі көр­се­ті­л­ген зи­ян­ды, улы заттар­дың, қат­ты және сұй­ық қал­дық­тар­дың, сар­қын­ды және өнер­к­ә­сіп­тік су­лар­дың си­патта­ма­сы­ның, сон­дай-ақ та­сы­мал­дау жүй­е­сі­нің си­патта­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
Ко­дек­стің 257-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да және 260-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген са­рап­та­ма­лар мен ке­лі­су­лер­ді қо­са бе­ре оты­рып, жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну жо­ба­сы­ның және жою жос­па­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет қа­ғи­да­ла­ры­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бе­ре­тін жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну­ға ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­у­ге өті­ніш (пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған) бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­ді.
Өті­ніш және оған қо­са бе­рі­ле­тін құ­жат­тар қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де жа­са­луы ти­іс.
Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бас тар­ту се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып жа­у­ап жол­дай­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай негіз­дер­дің бі­рі болған кез­де жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну­ға ли­цен­зия бе­ру­ден бас тар­та­ды:
1) өті­ніш неме­се оған қо­са бе­рі­ле­тін құ­жат­тар Ко­дек­стің 251-ба­бын­да және 252-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­се;
2) өті­ніш­ке Ко­дек­стің 251-ба­бын­да және 252-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар қо­са бе­ріл­ме­се;
3) сұ­ра­ты­л­ған жер қой­на­уы учас­ке­сі Ко­дек­стің 19-ба­бы 3-тар­ма­ғы­ның және 250-ба­бы 1-тар­ма­ғы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­се;
4) ли­цен­зия бе­ру ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік­ке қа­тер төн­дір­се;
5) өті­ніш­ке қо­са бе­рі­ле­тін гео­ло­ги­я­лық есеп са­рап­та­ма­сы­ның қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес өзі­нің гео­ло­ги­я­лық және (неме­се) гео­тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры бой­ын­ша сұ­ра­ты­л­ған жер қой­на­уы учас­ке­сі өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген мақ­сат­тар­да жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу үшін жа­рам­сыз екен­ді­гі анық­тал­са;
6) өті­ніш бе­ру­ші жер қой­на­уын зерт­теу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ға жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну жо­ба­сын және та­ра­ту жос­па­рын са­рап­та­удың және ке­лі­су­дің та­лап еті­ле­тін оң қо­ры­тын­ды­ла­рын та­быс ету мер­зі­мін сақ­та­ма­ған кез­де.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ЖҚ­ПБП ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы «1414», 8-800-080-7777 ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.

4.3 Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия

«Жер қойнауы кеңістігін
пайдалануға арналған лицензияны
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
нысан
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия

1 1. ______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке тұлғаның азаматтығы/заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері) (жер қойнауын пайдалану құқығын жалпы иеленген жағдайда мәліметтерді толық көрсете отырып, барлық иелері көрсетіледі) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) берілген және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалану құқығын береді.
Жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері:
жер қойнауын пайдалану құқығы иесінің атауы: _____________
Жер қойнауын пайдалану құқығы иесінің ЖСН/БСН: ____________
құқық үлесі, % _________________

2 2. Лицензия шарттары:

1 1) лицензияның мерзімі (жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияның мерзімін ұзарту кезінде мерзім ұзарту мерзімін ескере отырып көрсетіледі): ____________ оны берген күннен бастап;

2 2) жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы ауданы __________ шаршы шақырым, келесі географиялық координаттармен:

Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің

Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...

3 3) жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары:

Жер қойнауы учаскесі аумағының схемалық орналасуы осы лицензияға қоса беріледі.

3 3. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері:

1 1) 20__ жылғы «___» _________ дейін ___________ көлемінде қол қойылатын бонусты төлеу;

2 2) лицензия мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді (жалдау төлемдерін) төлеу.

4 4. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың нысаналы мақсаты:

_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Кодекстің 249-бабына сәйкес операциялардың кіші түрлерінің бірі)

5 5. Лицензияны қайтарып алу негіздері:

1 1) осы лицензияның 3 және 4-тармақтарында көзделген лицензиялардың шарттарын бұзу;

2 2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген қызметке тыйым салынған жағдайда.

6 6. Лицензияны берген мемлекеттік орган

_______________________________________________________________
_______________________________________________________
(лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері;
көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

4.4 Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш

«Жер қойнауы кеңістігін
пайдалануға арналған лицензияны
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша
нысан
__________________________
__________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны: (жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтерді өзгерту, жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің ауысуы, лицензия мерзімін ұзарту, жер қойнауы учаскесі аумағының шекараларын өзгерту) бөлігінде қайта ресімдеуді сұраймын:
(қажеттіні таңдау)
1. Қолданыстағы лицензия туралы қажетті мәліметтер:
Лицензия нөмірі:_________
Лицензияның берілген күні: _________
Лицензия кіммен берілді: _______________
Лицензия мерзімі: _________________
Қызмет түрінің толық атауы: ______________________
2. Лицензияны қайта ресімдеу негіздемесі немесе себептері: _____________
3. Ұсынылған өзгерістер бойынша мәліметтер: ______________________
(қолданыстағы лицензиядан алынған мәліметтер / жаңа ұсынылған өзгерістер)
(өзгерістер түріне байланысты толтырылады)
4. Өзім (-із) туралы мәліметтерді ұсынамын (-мыз):
заңды тұлғалар үшін:
атауы: ________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ________ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
төлқұжат деректері ____________________________
азаматтығы __________________________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері;
өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

5 Күші жойылды деп тануға жататын кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Бұйрыққа
5-қосымша
Күші жойылды деп тануға жататын кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11452, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың
10 шілдесінде жарияланған);

2 2. «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы

28 мамырдағы № 657 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11582, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 22 шілдесінде жарияланған);

3 3. «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 442 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13926, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың
25 шілдесінде жарияланған);

4 4. «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы

28 мамырдағы № 657 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 тамыздағы № 625 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 14282, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 17 қарашада жарияланған);

5

5. «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 274 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 18656, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 16 маусымда жарияланған).

6 «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
6-қосымша
«Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы электрондық түрде жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру туралы өтініш береді.

Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
ЖҚПБП-ға өтініш берген кезде жер қойнауын геологиялық зерделеуге арналған лицензияға сұрау салынатын учаске(лер) аумақтарын беру мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады. Егер тексеру нәтижелері теріс болса, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бере алмайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны мен нәтижесін ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Талаптардың тізбесі) баяндалған.

5

5. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы ұсынған кезде - автоматты тіркеу жүреді және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» бірегей есептік нөмірі, өтінішті тіркеу күні мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

6 6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініші тіркелген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде олардың заңнамалық нормаларға сәйкестігін тексереді.

7

7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды.

8

8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде «Ұлттық геологиялық қызет» акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Қоғам) сұрау салынған аумақты бос болуына тексеру туралы сұра салу жолдайды.

9 9. Қоғам сұрау салу алынған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аумақты бос болуына тексереді.

10

10. Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ішінде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекетітк қызметті көрсетуге өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған және осы Қағидалардың Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкеч бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын геологиялық зерделеуге лицензия түрінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ілеспе хатты қоса бере отырып дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қол қояды және ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектісі арқылы жібереді.

11

11. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

12

12. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыны осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіні Кодекстің 92-бабында көзделген мерзімде осындай жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықты жою туралы осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді.
Кодексте көрсетілген мерзімде бұзушылық жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші лицензияны қайтарып алады.
Лицензияны қайтарып алуды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын геологиялық зерделеуге арналған лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы жіберу жолымен жүргізеді.

13 13. Жер қойнауын геологиялық зерделеуге арналған лицензия бойынша зерттеу және талдау нәтижелері Кодекске сәйкес жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын геологиялық есептерге енгізілуге жатады.

14 14. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

15

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

16 16. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

5.1 Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру туралы өтініш

«Жер қойнауын геологиялық
зерттеуге арналған лицензияны
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
___________________________
___________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған
лицензияны беру туралы өтініш
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруіңізді сұраймын.
Геологиялық зерттеу аумағын құрайтын (құрайтын) блок (блоктар):
_______________________________
Өзім (-із) туралы мәліметтерді ұсынамын (-ыз):
заңды тұлғалар үшін:
атауы ________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелері болып табылатын тұлғалар үлесінің мөлшері туралы мәліметтер _________________________________
ұйымның құрылтайшылары__________________________
учаскенің шекарасы (облыс, аудан)____________________
учаскенің координаттары________________
учаскелерді құрайтын блоктар___________________
учаскенің ауданы________________
инвестиция сомасы____________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) ______________________________________________
2) ______________________________________________;
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ________ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
төлқұжат деректері ____________________________
азаматтығы __________________________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі:_________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды_____________________________________
учаскенің шекарасы (облыс, аудан)____________________
учаскенің координаттары________________
учаскелерді құрайтын блоктар___________________
учаскенің ауданы________________
инвестиция сомасы____________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері;
өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

5.2 «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Жер қойнауын геологиялық
зерттеуге арналған лицензияны
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы» (бұдан әрі – ЖҚПБП) ақпараттық жүйесі арқылы ақпараттандыру объектісімен жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
электрондық (ішінара автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру немесе осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Геологиялық зерделеуге арналған лицензия бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қол қою бонусы төленеді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» ҚР Кодексінің 729-бабының 2-тармағына сәйкес, геологиялық зерделеуге арналған лицензия бойынша қол қою бонусы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке осындай лицензия берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойылған бонус сомасының төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Қол қою бонусын көрсетілетін қызметті алушы Екінші деңгейдегі банктегі Мемлекеттік мүлік тізілімінің бірыңғай операторының есеп айырысу шотына енгізген ақшасын көрсету үшін пайдаланылатын көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП-дағы жеке шоты (электрондық әмиян) арқылы төлейді.
7
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) ЖҚПБП-да – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) Өтініш
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17076 болып тіркелген) Жер қойнауын геологиялық зерделеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес өтініш беруші әзірлеген және бекіткен жер қойнауын геологиялық зерделеу жоспарының және (немесе) жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасының электрондық көшірмесі.
Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) лицензия беруге арналған өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар Кодекстің 86-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17076 болып тіркелген) сәйкес келмесе;
3) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған жоспарда Кодекстің 89-бабына сәйкес жүргізуге тыйым салынған жұмыстар көрсетілсе;
4) сұрау салынатын учаске Кодекстің 25-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін шектелген аумақтарда орналасса;
5) сұрау салынатын учаске Кодекстің 26-бабына сәйкес және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін шектелген аумақтарда орналасса.
10
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктеріне сәйкес өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы «1414», 8-800-080-7777 арқылы алу мүмкіндігі бар.

5.3 Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия

«Жер қойнауын геологиялық
зерттеуге арналған лицензияны
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Уәкілетті органның мемлекеттік
тілдегі атауы]
Уәкілетті органның орыс
тілдегі атауы]
уәкілетті органның
мемлекеттік тілдегі деректемелері
уәкілетті органның
орыс тілдегі деректемелері
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия
№_________- ЖҚГЗ 20___жылғы «___»__________
1.________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және азаматтығы/заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері) (жер қойнауын пайдалану құқығымен жалпы иелену кезінде барлық иелер толық мәліметтерді көрсетумен аталынады) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) берілді және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалану құқығын береді
Жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері:
____________________________________________________________________
(әрбір иесі бойынша пайыздық мәнде көрсету)
2. Лицензия шарты:
1) лицензия мерзімі: берілген күннен бастап үш жыл
2) жер қойнауы учаскесінің аумағы
Блоктар
Геологиялық іздестіру аумағын құрайтын блокқа (блоктарға) нұсқау:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(геологиялық зерттеу аумақтарын құрайтын блок (блоктар) кодтарын және сандарын көрсету)
3. Ұсынылатын учаскенің жалпы ауданы: _____ км2 құрайды
4. Лицензия берген мемлекеттік орган
_________________________________________________________________
(лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Берілген жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]
[Қол қо­ю­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да]
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ЭЦҚ де­ректе­рі;
ЭЦҚ-ға қол қою кү­ні мен уа­қы­ты.
20 _ жы­л­ғы «__» _____ _____ са­ғат ____ ми­нут.

5.4 «Жер қойнауын геологиялық

зерттеуге арналған лицензияны
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
[Уәкілетті органның
мемлекеттік тілдегі атауы]
[Уәкілетті органның орыс
тілдегі атауы]
уәкілетті органның
мемлекеттік тілдегі деректемелері
уәкілетті органның
орыс тілдегі деректемелері
Нөмірі: [Нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]
[Өтініш берушінің атауы]
[Уәкілетті органның атауы], Сіздің өтінішіңізді [өтінім күні] жылғы № [Өтінім нөмірі] қарағаннан кейін, келесіні хабарлайды ______________________________________. [Бас тарту себебі].
[Қол қоюшы лауазымы]
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда]
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

5.5 Анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама

«Жер қойнауын геологиялық
зерттеуге арналған лицензияны
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Уәкілетті органның
мемлекеттік тілдегі атауы
Уәкілетті органның орыс
тілдегі атауы
уәкілетті органның
мемлекеттік тілдегі деректемелері
уәкілетті органның
орыс тілдегі деректемелері
[Лицензия ұстаушының атауы]
[Заңды тұлға____ ]
[Тел.:_____ ]
[E-mail:_____ ]
лицензияға қатысты
Нөмірі: [Нөмір]
берілген күні: [20__ ж. «__»_______]
Анықталған бұзушылықтар туралы
хабарлама
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 729-бабының 2-тармағына сәйкес геологиялық зерделеуге арналған лицензия бойынша қол қою бонусы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке осындай лицензия берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
[Уәкілетті органның атауы] «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 92-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы салық заңнамасында белгіленген мерзімде жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия бергені үшін қол қойылған бонустың төленбегені туралы хабарлайды.
Кодекстің 92-бабының 3-тармағына сәйкес Жер қойнауын пайдаланушы анықталған бұзушылықты осы хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жоюға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта (Кодекстің 92-бабы 3-тармағы) көзделген мерзімде осындай жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықты жою туралы [Уәкілетті органның атауы] жазбаша хабардар етуге міндетті.
Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда [Уәкілетті органның атауы] Кодекстің 92-бабының 4-тармағына сәйкес лицензияны қайтарып алады.
* басқа себептерді көрсету [Кодекстің 89-бабы 4-тармағының ережелерін бұзу
[Қол қо­ю­шы ла­у­а­зы­мы]
[Қол қо­ю­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да]
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ЭЦҚ де­ректе­рі;
ЭЦҚ-ға қол қою кү­ні мен уа­қы­ты.
20 _ жы­л­ғы «__» _____ _____ са­ғат ____ ми­нут.

5.6 «Жер қойнауын геологиялық

зерттеуге арналған
лицензияны беру» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
6-қосымша
Нысан
[Басшының лауазымы] [Уәкілетті органның атауы]
[Уәкілетті органның басшысының Т. А. Ә.]
Лицензияға қатысты
Нөмірі: [Нөмірі]
Берілген күні: [20__ ж. _______ «___»]
Лицензия иесінің атауы] Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 279-бабы 2-тармағын орындау үшін сізге 50 айлық есептік көрсеткіш (ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіш сомасы) мөлшерінде қол қойылған бонус сомасын төлегені туралы растау ретінде төлем тапсырмасының көшірмесін жолдайды.
Қосымша:
- Төлем тапсырмасы__парақта.
[Қол қоюшы лауазымы]
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]
Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ ____ сағат ____ минут.

5.7 Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы хабарлама

«Жер қойнауын геологиялық
зерттеуге арналған лицензияны
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
7-қосымша
Нысан
[Уәкілетті органның мемлекеттік
тілдегі атауы]
[Уәкілетті органның орыс
тілдегі атауы]
уәкілетті органның
мемлекеттік тілдегі деректемелері
уәкілетті органның
орыс тілдегі деректемелері
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы хабарлама
[Лицензия иесінің атауы]
[Лицензия иесінің атауы ____ ]
[Тел.:_____ ]
[E-mail:_____ ]
Көшірмесі: [Өңіраралық
департаменттің атауы]
Лицензияға қатысты
Нөмірі: [Нөмірі]
Берілген күні: [20__ ж. _______ «___»]
[Уәкілетті органның атауы] «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабы 1-тармағының 1-тармақшасының негізінде 20__жылғы___________ №___ жер қойнауын геологиялық зерделеуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы шешім қабылдағаны туралы [лицензия ұстаушының атауы] хабарлайды
[Қол қоюшы лауазымы]
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда]
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

7 «Кедендік одақ шеңберінде геологиялы сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
7-қосымша
«Кедендік одақ шеңберінде геологиялы сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және/немесе «мinerals.gov.kz» жерқойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы (бұдан әрі – платформа) арқылы кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беруге арналған өтініш береді.
Портал және/немесе платформа арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы рұқсат үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;

2

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 «Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.

3 3) өтініште шығарылатын сынаманың көлемі мен оны зерттеулердің сипаты, зерттеу жүргізудің болжалды мерзімі, зерттеу нәтижелері туралы есепті дайындау мерзімі және зерттеу жүргізетін ұйым туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

4 4) «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасында жүргізілетін зерттеулер бойынша аккредиттелген зертханалардың жоқ немесе бар екендігі туралы хаты.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға құқығы үшін бюджетке рұқсат ету алымның төленгенін растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және/немесе «minerals.gov.kz» платформасы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы және/немесе платформа арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің нысанын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген.

5 5. Берілген рұқсат сыртқы сауда қызметінің басқа қатысушыларына қайта ресімдеуге жатпайды.

Берілген рұқсаттарға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші бір жолғы рұқсат береді.

6 6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасында болжамды зерттеулер жүргізу анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7

7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат береді не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетіне» жіберіледі.

8

8. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10

10. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8555 тіркелді) белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

11

11. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

12

12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

13 13. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

7.1 Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беруге арналған өтініш

«Кедендік одақ шеңберінде
геологиялық сынамаларды
уақытша әкетуге рұқсат беру»
мемлекеттiк қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беруге арналған өтініш
1. Өтініш №
2. Қолданылу кезеңі
___бастап ___дейін
3. Рұқсаттың типі |ЭКСПОРТ
4. Келісімшарт
____ жылғы № ___
5. Көрсетілетін қызметті алушы|
6. Сатып алушы
7. Тағайындалған елі|
8. Сатып алушының елі|
9. Келісімшарт валютасы|
10. Құны
11. Статистикалық құны
12. Шығарылған елі|
13. Саны
14. Өлшем бірлігі
15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы
16. Өтінішке қосымшаға сәйкес қосымша ақпарат
17. Рұқсат беру үшін негіздеме
18. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі дара кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда (бар болған жағдайда)
Күні

7.1.1 Тауарлардың жекелеген

түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына лицензия
алуға арналған өтінішке
қосымша
жылғы _________ №___ өтінішке қосымша
Р/с №
Тауардың сипаттамасы
саны
өлшем бірлігі
құны
Р/с №
Тауардың сипаттамасы
саны
өлшем бірлігі
құны
Р/с №
Тауардың сипаттамасы
саны
өлшем бірлігі
құны
Р/с №
Тауардың сипаттамасы
саны
өлшем бірлігі
құны
Р/с №
Тауардың сипаттамасы
саны
өлшем бірлігі
құны
Р/с №
Тауардың сипаттамасы
саны
өлшем бірлігі
құны
Р/с №
Тауардың сипаттамасы
саны
өлшем бірлігі
құны
Барлық парақ__ Парақ №__
18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі дара кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда (бар болған жағдайда)
Күні

7.2 «Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Кедендік одақ шеңберінде
геологиялық сынамаларды уақытша
әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2- қосымша
«Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті
берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www. egov. kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-Портал) және/немесе «мinerals.gov.kz» жерқойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы (бұдан әрі – платформа) арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі
Көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз
5
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi
Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру және (немесе) оған қосымша, не осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттiк қызмет көрсету заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:
1) лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны дубликатын беру кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) айлық есептік көрсеткішті;
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметке» төлем шлюзі немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
7
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және/немесе платформада орналасқан.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;
3) «Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметкеқойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестіктірастайтын құжаттар тізбесіне сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) «Жер қойнауы және жер қойнауын падалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 75-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішпен жүгінеді, онда шығарылатын сынаманың көлемі мен оны зерттеулердің сипаты, зерттеу жүргізудің болжалды мерзімі, зерттеу нәтижелері туралы есепті дайындау мерзімі және зерттеу жүргізетін ұйым туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
9
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы;
2) осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағы 3) тармақшасының көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) іске асыру үшін рұқса сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдары болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталық тауарларға лицензия ресімдеген жағдайда);
6) Кодекстің 75-бабы 4-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшаларының негізінде.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Қолданыстағы