О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан «О политических партиях»
Қолданыста
Заң
·№ 336-VI
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан «О политических партиях»
- Атауы (қаз.)
- «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 336-VI
- Қабылданған күні
- 25.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2020 143202_463050.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2000000336
- ЭКБ идентификаторы
- 143202
- Редакция идентификаторы
- 143202_463050
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:21
0 «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
1 1-бап. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат;
№ 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 24, 93-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «депутаттыққа» деген сөздің алдынан «осы Заңның талаптары ескеріле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
2 2) 10-баптың 6-тармағындағы «қырық» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
3 3) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Саяси партиядан Парламент Мәжілісі,
мәслихат депутаттығына кандидаттар
ұсыну ерекшеліктері
Саяси партия Парламент Мәжілісі, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды енгізеді.».