Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Жамбылской области

Қаулы · № 116 · қабылданған 26.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143206/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Жамбылской области Қолданыста Қаулы ·№ 116 ·26.05.2020
26.05.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Жамбылской области

Қолданыста Қаулы ·№ 116 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Жамбылской области
Атауы (қаз.)
Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
116
Қабылданған күні
26.05.2020
Қолданысқа енгізілген күні
28.05.2020
Көрсетілген редакция
26.05.2020 143206_463256.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20G0004613
ЭКБ идентификаторы
143206
Редакция идентификаторы
143206_463256
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:20

0 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы

мақсатын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемі – 40 530 000 000 (қырық миллиард бес жүз отыз миллион) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты - Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы