Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с ведением мониторинга состояния окружающей среды, метеорологического и гидрологического мониторинга
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с ведением мониторинга состояния окружающей среды, метеорологического и гидрологического мониторинга
- Атауы (қаз.)
- Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 25.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2022 143272_593096.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020743
- ЭКБ идентификаторы
- 143272
- Редакция идентификаторы
- 143272_593096
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:22
0 Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және
гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан
байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
1 Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 25 мамыры № 120
бұйрығымен бекітілген
Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі