Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «Продовольственная контрактная корпорация»

Қаулы · № 326 · қабылданған 27.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143282/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «Продовольственная контрактная корпорация» Қолданыста Қаулы ·№ 326 ·27.05.2020
27.05.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «Продовольственная контрактная корпорация»

Қолданыста Қаулы ·№ 326 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «Продовольственная контрактная корпорация»
Атауы (қаз.)
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
326
Қабылданған күні
27.05.2020
Көрсетілген редакция
27.05.2020 143282_465786.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000326
ЭКБ идентификаторы
143282
Редакция идентификаторы
143282_465786
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:19

0 «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акциялары пакетінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті ic-шараларды жүзеге асырсын;

2 2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »

қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қ.» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-195-жолмен толықтырылсын:
«21-195. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-38-жолмен толықтырылсын:
«205-38.«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».

3 3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы 8-жолмен толықтырылсын:
«8. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.».

4 4. «Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Азық-түлік корпорациясы).»;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Холдингті, Азық-түлік корпорациясын және «ҰАҒББО» КеАҚ-ты корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.

5 5. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын.

Қолданыстағы