Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Тастинского сельского округа Амангельдинского района Костанайской области

Ереже · № 385 · қабылданған 22.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143313/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Тастинского сельского округа Амангельдинского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 385 ·22.05.2020
02.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Тастинского сельского округа Амангельдинского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 385 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Тастинского сельского округа Амангельдинского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
385
Қабылданған күні
22.05.2020
Көрсетілген редакция
02.08.2023 143313_646805.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NF009227
ЭКБ идентификаторы
143313
Редакция идентификаторы
143313_646805
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:24

0 Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Мәслихаттың «Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 20 мамырдағы № 250 шешімінің (2014 жылғы 11 шілдеде «Аманкелді арайы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4884 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

Амангелді
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 385 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің (бұдан әрі - Тасты ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Тасты ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Тасты ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3. Бөлек жиынды Тасты ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі) шақырады.

Амангелді ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Тасты ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында Тасты ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тасты ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Амангелді ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тасты ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Тасты ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

18 Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Амангелді
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 385 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны
1
Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің Тасты ауылы
12
2
Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің Қарынсалды ауылы
8
3
Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің Горняк ауылы
2

Қолданыстағы