Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Қаулы · № 127 · қабылданған 27.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143315/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации Күшін жойған Қаулы ·№ 127 ·27.05.2020
07.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Күшін жойған Қаулы ·№ 127 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации
Атауы (қаз.)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
127
Қабылданған күні
27.05.2020
Көрсетілген редакция
07.12.2023 143315_671662.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20SN006320
ЭКБ идентификаторы
143315
Редакция идентификаторы
143315_671662
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:19

0 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-армақшасының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9- бабының 7-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 51 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқытық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 19 сәуірде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5322 болып тіркелген ) күші жойлды деп танылсын.

3. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаментіне мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шал ақын ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру;

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 мамыры
№ 127 қаулысына
қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйым атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Panem Hleb» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
30
3%
1

Қолданыстағы