Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 7 · қабылданған 29.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143431/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 7 ·29.05.2020
16.09.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7
Қабылданған күні
29.05.2020
Көрсетілген редакция
16.09.2022 143431_599690.kaz
Соңғы өзгеріс
16.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CLL07144
ЭКБ идентификаторы
143431
Редакция идентификаторы
143431_599690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:18

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 15-4/423 ұсынысы негізінде, Тасөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округінің Тасөткел және Ақбұлақ ауылдары аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2 2. «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы