Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитутты белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 29.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2025 143436_770573.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CL007146
- ЭКБ идентификаторы
- 143436
- Редакция идентификаторы
- 143436_770573
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:17
0 Қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Восход-Oriel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 1332 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 9 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуты белгіленсін.
2 2. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланған кезде
«Восход-Oriel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.