Құжат мәтініне өту

О предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями

Қаулы · № 112 · қабылданған 01.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143452/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями Қолданыста Қаулы ·№ 112 ·01.06.2020
01.06.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями

Қолданыста Қаулы ·№ 112 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями
Атауы (қаз.)
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
112
Қабылданған күні
01.06.2020
Көрсетілген редакция
01.06.2020 143452_464203.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NQ009240
ЭКБ идентификаторы
143452
Редакция идентификаторы
143452_464203
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:15

0 Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай осы қаулының қосымшасына сәйкес берілсін.

2

2. Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 121 қаулысының (2015 жылғы 30 сәуірде «Сарыкөл» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Әкімдіктің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 112 қаулысына
қосымша
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы
Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар
1
Сарыкөл кенті
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімиятының Сарыкөл аудандық білім бөлімінің «Өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимаратында
2
Сарыкөл кенті
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ново-Урицк орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
3
Сарыкөл кенті
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимаратында
4
Барвиновка ауылы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Барвинов орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
5
Веселый Подол ауылы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Веселоподол орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
6
Златоуст ауылы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Краснодон орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
7
Комсомол ауылы
«Сарыкөл ауданының Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
8
Большие Дубравы ауылы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Лесной орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
9
Маяк ауылы
«Сарыкөл ауданының Маяк ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
10
Севастополь ауылы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Севастополь орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
11
Сорочинка ауылы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сорочин негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
12
Тағыл ауылы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тагіл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
13
Тимирязевка ауылы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тимирязев орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
14
Урожайное ауылы
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Чехов орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Қолданыстағы