Қолданыстағы ред. 31.10.2002 (Редакция 14347_288731.kaz)

Жәнібек ауданы бойынша «Жәнібек аудандық бюджеттен материалдық көмек көрсету туралы Ереже» туралы от 31.10.2002 г. № 208 (Жәнібек ауданы бойынша «Жәнібек аудандық бюджеттен материалдық көмек көрсету туралы Ереже» туралы)

0

Жәнібек ауданы бойынша «Жәнібек аудандық бюджеттен материалдық көмек көрсету туралы Ереже» туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 16.02.2004 № 28 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және олармен теңестірілген адамдарға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заң күші бар Жарлығына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2001 жылғы 13 қарашадағы "Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы" N 48, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы" N 49 қаулылары негізінде тұрмысы төмен отбасыларды материалдық қолдау мақсатында Жәнібек аудандық әкімдігі қаулы етеді:

1

1. "Жәнібек ауданы бойынша аудандық бюджеттен материалдық көмек көрсету туралы Ереже" қосымшаға сай бекітілсін.

2. Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ

Аудан әкімдігінің 2002
жылғы 31 қазандағы N 208-ші
қаулысына қосымша
Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және олармен теңестірілген адамдарға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заң күші бар жарлығына , ҚР "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңына , Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2001 жылғы 13 қарашадағы "Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы" N 48 , "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы" N 49 қаулылары сәйкес жасалды.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Жергілікті атқару органдары өз құқығы мен құзыреті шегінде тиісті бюджет есебінен төмендегі санаттарға жеңілдіктер, сондай-ақ материалдық көмек пен басқа да көмек түрлерін көрсету мақсатында мынадай шаралар белгілейді:

1

1) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге материалдық көмек;

2

2) 1926-1927 жылдары туған Ұлы Отан соғысына әскерге шақырылған, КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға материалдық көмек;

3

3) табыс көзі жоқ отбасыларына жанұя мүшесі қайтыс болғанда жерлеу шығындарына материалдық көмек;

4

4) тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үйлерінің жөндеуіне, тосын жағдайлар (өрт, суға кету, т.б. табиғи апаттар) салдарынан материалдық тапшылыққа тап болған және ауыр науқасқа шалдыққан жағдайда емделуге материалдық көмек беру;

5

5) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, ерлері майданда қайтыс болған жесірлерге, балалары бейбіт кезде Армия қатарында қайтыс болған отбасыларына мереке күндерінде біржолғы материалдық көмек;

6

6) Табыс көзі жоқ отбасыларын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы материалдық көмек;

7

7) Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасына облыс орталығына автомобиль көліктерімен (таксиден басқа) жылына бір рет (бару, қайту) жол құнын төлеу.

2

2. Қаржыландыру көздері жергілікті бюджеттен 105/60 бюджеттік программасы арқылы жүргізіледі.

3

3. Осы Ережедегі қаралған көмек түрлері басқа жәрдемақы, көмек алуына қарамастан тағайындалады.

4

4. Көмектер түрлері төменде көрсетілген санаттарға төленбейді:

1

1) соңғы әскерге шақырылған, бірақ әскери қызметі үшін ешқандай ордендер мен медальдармен марапатталмаған адамдарға 1 тармақтың 2 тармақшасында қаралған көмек берілмейді;

2

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатынасушыларға және оларға теңестірілген адамдарға осы Ереженің 1 тармақтың 2 тармақшасында қаралған түрі берілмейді;

3

3) Отан алдында ерен еңбегі үшін марапатталған, бірақ 1992-1999 жылдар аралығында облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықпағандарға осы Ереженің 1.1 тармақтың 1 тармақшасында қаралған көмек түрі төленбейді.

2. 2. Материалдық көмектерді тағайындау үшін қажетті құжаттар

2. Материалдық көмектерді тағайындау үшін
қажетті құжаттар

1

1. Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлер үшін:

1

1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;

2

2) жеке төлқұжат көшірмесі;

3

3) дербес зейнеткерлердің куәлік көшірмесі, немесе мұрағаттық анықтама;

4

4) РНН нөмірі.

2

2. Соғысқа соңғы әскерге шақырылғандар үшін:

1

1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;

2

2) жеке төлқұжат көшірмесі;

3

3) аудандық әскери комиссариаттан соңғы әскерге шақырылғандығы жөнінде анықтама;

4

4) соғыс кезінде әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін алған КСРО ордендері мен медальдарының куәлік көшірмесі;

5

5) РНН нөмірі.

3

3. Табыс көзі жоқ отбасыларына жерлеу шығындары үшін:

1

1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;

2

2) жеке төлқұжат көшірмесі;

3

3) денсаулық сақтау мекемесінен өлімі туралы куәліктің көшірмесі;

4

4) отбасының кедейшілік деңгейінен төмен тұрмысы жөнінде әлеуметтік паспорты негізінде ауыл әкімінің анықтамасы және көмекті кімге төлеу жөнінде ұсынысы;

5

5) жанұя құрамы туралы анықтама;

6

6) РНН нөмірі.

4

4. Тұрмысы төмен табыс көзі жоқ отбасыларына және жалғыз басты қариялар мен мүгедектерге біржолғы материалдық және қаржылай көмек алу үшін:

1

1) материалдық көмек тағайындау жөнінде толық көрсетілген арызы;

2

2) жеке төлқұжат көшірмесі;

3

3) денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы;

4

4) ауыл әкімінің анықтамасы және ұсынысы;

5

5) жанұя құрамы жөніндегі анықтама;

6

6) тосын жағдайлар жөнінде салалық мекемелерден тиісті органдардан анықтама;

7

7) РНН нөмірі.

5

5. Осы Ереженің 1 тармағының 5 тармақшасындағы материалдық көмекті тағайындау аудандық әскери комиссариат, зейнетақы төлеу орталығы, аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің және ауылдық округі әкімдерінің бірлесе дайындаған тізімі бойынша аудан әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.

6

6. Табыс көзі жоқ отбасыларын күнделікті ауыз сумен қамту үшін:

1

1) таза ауыз сумен қамту жөніндегі арызы;

2

2) төлқұжат, РНН, мәліметтері;

3

3) тұрақты тіркелген мекен-жайы, жанұя құрамы, жұмыспен қамтылуы және қосалқы шаруашылығы жөнінде ауыл әкімінің анықтамасы;

4

4) табыс көзі жоқ отбасылардың әлеуметтік паспорттары негізінде анықталған отбасылар тізімі мен ауыл әкімінің ұсынысы.

7

7. Бейбіт уақытында қаза болған жауынгерлердің отбасына облыс орталығына автомобиль көліктерімен (таксиден басқа) жылына бір рет қаржылай көмек алу үшін:

1

1) қаржылай көмек тағайындау үшін арызы;

2

2) жолаушылар тасымалдайтын автобустың жол жүру билеті (бару, қайту).

3. 3. Көмектер мөлшері және мерзімі

3. Көмектер мөлшері және мерзімі

1

1. Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге материалдық көмек ай-сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалып, төленеді;

2

2. 1926-1927 жылдары туылған, Ұлы Отан соғысына соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек ай-сайын 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады және төленеді;

3

3. Табыс көзі жоқ отбасыларына жанұя мүшесі қайтыс болған жағдайда жерлеу шығындарын көтеріп алған жанұя мүшесіне 5-тен 10-ға дейін айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде біржолғы материалдық көмек аудандық әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысының хаттамасымен тағайындалады;

4

4. Табыс көзі жоқ отбасыларына жалғыз басты қариялармен мүгедектерге тұрғын үйлерінің жөндеуіне материалдық және қаржылай көмек, тосын жағдайларда, ауыр науқастарға қаржылай көмек отбасының көмек сұраған жағдайы жөнінде ауыл әкімінің қатысымен аудандық әкімдікте құрылған арнайы комиссиямен егжей-тегжейлі қаралып, нақтылы жағдайға және аудандық бюджет қаражатына байланысты 5 мыңнан 20 мыңға дейінгі мөлшерде біржолғы көмек комиссия отырысының хаттамасымен тағайындалып, төленеді;

5

5. Табыс көзі жоқ, жұмыссыз отбасыларын күнделікті таза ауыз сумен қамтамасыз ету ауыл ішінде орналасқан су қоймалары арқылы бекітілген тізім бойынша жүргізіледі. Ауыз су медициналық норма бойынша бір адамға тәулігіне 10 литр мөлшерінде босатылады, айдың аяғында шығындалған судың көлемі бойынша сумен қамтушы мекемеге тиісті қаражат аудару арқылы есеп айырысылады;

6

6. Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасына (ата-анасының біреуіне немесе зайыбына) облыс орталығына автомобиль көліктерімен (таксиден басқа) жылына бір рет (бару, қайту) тегін жүру құқы беріледі. Жол жүру құны бойынша шығыстар жолаушылар тасымалдайтын автобустың жол жүру билеттері негізінде өтеледі.
Осы Ережеде көрсетілген материалдық көмектерге тиісті құжаттар ауылдық округі әкіміне тапсырылады.
Ауыл әкімі қажетті құжаттарды түгелдеп, тіке Ереженің 1 тармағының 1 және 2 тармақшалары бойынша аудандық әлеуметтік қорғау бөліміне, ал материалдық көмектің қалған түрлеріне жинақталған құжаттарды аудан әкімдігі жанындағы комиссия хатшысына әкеліп тапсырады.
Материалдық көмек аудандық пошта байланыс мекемесі және оның ауылдардағы құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.
Көмек сұраушы азаматтар тапсырылған құжаттардың дұрыстығы үшін толық жауап береді.
Төлем жүргізілгеннен кейін қателіктер, жалған мәліметтер анықталған жағдайда заңсыз төленген көмек қолданыстағы Заңдарда белгіленген тәртіппен кері өндіріледі.