Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов»

Заң · № 339-VI · қабылданған 02.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143473/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов» Қолданыста Заң ·№ 339-VI ·02.06.2020
02.06.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов»

Қолданыста Заң ·№ 339-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
339-VI
Қабылданған күні
02.06.2020
Көрсетілген редакция
02.06.2020 143473_464901.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2000000339
ЭКБ идентификаторы
143473
Редакция идентификаторы
143473_464901
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:13

0 «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық

заңына толықтырулар енгізу туралы

1

1-бап. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; 1999 ж.,
№ 4, 100-құжат; № 10, 342-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 83-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2017 ж., № 12, 33-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 12-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Парламенттік оппозиция Парламент Мәжілісінің Регламентінде көзделген тәртіппен бір сессия ішінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізуге бастама жасауға құқылы.»;
2) 34-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Саяси партиялар фракцияларының басшыларына, ал олар болмаған жағдайда не олардың уәкілеттік беруі бойынша саяси партиялар фракцияларының өкілдеріне Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдау мен өзге де іс-шараларда сөз сөйлеу құқығына кепілдік беріледі.»;
3) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
«34-1-бап. Парламенттік көпшілік және парламенттік оппозиция
1. Парламенттік көпшілік – Парламент Мәжілісінде депутаттық мандаттардың ең көп санын алған саяси партия.
2. Парламенттік оппозиция – Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін және парламенттік көпшілікке кірмейтін, әдетте, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) қоғамдық-саяси мәселелер бойынша парламенттік көпшілікке қарағанда өзге позиция ұстанатын саяси партия немесе саяси партиялар.
Парламенттік оппозиция жекелеген мәселелер бойынша парламенттік көпшілік партиясын қолдауы мүмкін.
3. Парламенттік оппозиция осы Конституциялық заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес парламенттік тыңдау өткізуге бастама жасауға, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің Регламентінде көзделген тәртіппен бір сессия ішінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындауға құқылы.».

2 2-бап. Осы Конституциялық заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы