О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан «О комитетах и комиссиях Парламента Республики Казахстан» по вопросам парламентской оппозиции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан «О комитетах и комиссиях Парламента Республики Казахстан» по вопросам парламентской оппозиции
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 340-VI
- Қабылданған күні
- 02.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.06.2020 143474_464991.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2000000340
- ЭКБ идентификаторы
- 143474
- Редакция идентификаторы
- 143474_464991
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:13
0 «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
1 1-бап. «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 94-құжат; 1999 ж., № 12, 398-құжат; 2009 ж., № 8,
44-құжат; 2015 ж., № 21-II, 130-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң төрағалары, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, Сенат, Мәжiлiс отырысында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.
Парламенттік оппозиция өз депутаттарының арасынан Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымына кандидатуралар ұсынуға құқылы.
Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бірінің төрағасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен парламенттік оппозициядан
(ол бар болса) ұсынылған депутаттар арасынан сайланады.»;
2) 19-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Парламенттік оппозиция өз депутаттарының арасынан Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің хатшылары лауазымына кандидатуралар ұсынуға құқылы.
Парламент Мәжілісінің екі тұрақты комитетінің хатшысы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен парламенттік оппозициядан
(ол бар болса) ұсынылған депутаттар арасынан сайланады.
Осы Заңның 7-бабының үшінші бөлігіне және осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес парламенттік оппозициядан ұсынылған депутаттар арасынан сайланған Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағасы мен хатшылары Парламент Мәжілісінің әртүрлі тұрақты комитетіне сайланады.».