О признании утратившими силу некоторых решений Мангистауского областного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Мангистауского областного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36/437
- Қабылданған күні
- 29.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2020 143490_464500.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20M0004225
- ЭКБ идентификаторы
- 143490
- Редакция идентификаторы
- 143490_464500
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:17
0 Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 36/437 шешіміне
қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/334 «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2094 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2
2. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/316 «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2591 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 қаңтардағы «Маңғыстау» газетінде жарияланған).
3
3. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 мамырдағы № 2/19 «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафты аймақтарының шекаралары туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3074 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4
4. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/230 «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3655 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).