Об установлении повышенных должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим сельской местности Глубоковского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим сельской местности Глубоковского района
- Атауы (қаз.)
- Глубокое ауданының ауылдық жердегі азаматтық қызметшілеріне жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 43/8-VI
- Қабылданған күні
- 21.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2020 143564_499700.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VI007150
- ЭКБ идентификаторы
- 143564
- Редакция идентификаторы
- 143564_499700
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:25
0 Глубокое ауданының ауылдық жердегі азаматтық қызметшілеріне жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар және тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.