Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 319
- Қабылданған күні
- 02.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2023 143577_639598.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20E0000107
- ЭКБ идентификаторы
- 143577
- Редакция идентификаторы
- 143577_639598
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:13
0 Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
2 2. «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберілуін;
3 3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Мамытбековке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
2020 жылғы «___»___________
8 Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы «2» маусымдағы
№ 319 қаулысына
қосымша
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
р/с №
Ескерткіштің атауы
Ескерткіштің түрі
Ескерткіштің орналасқан жері
1
Металлургтар сарайы 1950 ж. ортасы
қала құрылысы
және сәулет
Тұран ауданы,
1 Мамыр көшесі, 10
2
Тұрғын үй ХХ ғ. басы
қала құрылысы
және сәулет
Әл-Фараби ауданы,
А.Анаров көшесі, 22
3
Никольский шіркеуі ХХ ғ. басы
қала құрылысы
және сәулет
Әл-Фараби ауданы,
Қазыбек би көшесі, 34
4
Мектеп 1950 ж. ортасы
қала құрылысы және сәулет
Тұран ауданы,
Ш.Қалдаяқов көшесі, 12
5
Шымкент қалашығы б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ.
археология
Әл-Фараби ауданы,
Әйтеке би көшесі, № 30/29
6
Оба (патшалық) І-ІV ғғ.
археология
Қаланың солтүстік бөлігі,
Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысы
7
Оба қорымы (4)
б.з.д. І мың ж.
археология
Бадам өзенінің сол жағасы, Шымкент қаласынан Ташкент қаласына шығар жолда
8
Жеке оба
б.з.д. І мың ж.
археология
Бадам өзенінің сол жағасы, «Шымкентмай» АҚ қарсы бетте