Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 319
- Қабылданған күні
- 02.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2023 143577_639598.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20E0000107
- ЭКБ идентификаторы
- 143577
- Редакция идентификаторы
- 143577_639598
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:13
0 Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
2. «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберілуін;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Мамытбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
2020 жылғы «___»___________
8 Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы «2» маусымдағы
№ 319 қаулысына
қосымша
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
р/с №
Ескерткіштің атауы
Ескерткіштің түрі
Ескерткіштің орналасқан жері
1
Металлургтар сарайы 1950 ж. ортасы
қала құрылысы
және сәулет
Тұран ауданы,
1 Мамыр көшесі, 10
2
Тұрғын үй ХХ ғ. басы
қала құрылысы
және сәулет
Әл-Фараби ауданы,
А.Анаров көшесі, 22
3
Никольский шіркеуі ХХ ғ. басы
қала құрылысы
және сәулет
Әл-Фараби ауданы,
Қазыбек би көшесі, 34
4
Мектеп 1950 ж. ортасы
қала құрылысы және сәулет
Тұран ауданы,
Ш.Қалдаяқов көшесі, 12
5
Шымкент қалашығы б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ.
археология
Әл-Фараби ауданы,
Әйтеке би көшесі, № 30/29
6
Оба (патшалық) І-ІV ғғ.
археология
Қаланың солтүстік бөлігі,
Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысы
7
Оба қорымы (4)
б.з.д. І мың ж.
археология
Бадам өзенінің сол жағасы, Шымкент қаласынан Ташкент қаласына шығар жолда
8
Жеке оба
б.з.д. І мың ж.
археология
Бадам өзенінің сол жағасы, «Шымкентмай» АҚ қарсы бетте