О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 157
- Қабылданған күні
- 10.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2020 143730_465878.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006349
- ЭКБ идентификаторы
- 143730
- Редакция идентификаторы
- 143730_465878
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:07
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 10 маусымы
№ 157 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 379 қаулысы (2015 жылғы 25 қараша «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3434 болып тіркелді).
2
2. «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 413 қаулысы (2015 жылғы 14 желтоқсан «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3466 болып тіркелді).
3
3. «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 379 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 276 қаулысы (2017 жылғы 22 тамыз Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4290 болып тіркелді).
4
4. «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 02 қаулысы (2018 жылғы 01 ақпан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4555 болып тіркелді).
5
5. «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 413 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 52 қаулысы (2018 жылғы 27 наурыз Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4593 болып тіркелді).
6
6. «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 413 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 245 қаулысы (2019 жылғы 07 қазан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5591 болып тіркелді).
7
7. «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 413 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 247 қаулысы (2019 жылғы 07 қазан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5593 болып тіркелді).
8
8. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 08 қарашадағы № 286 қаулысы (2019 жылғы 21 қараша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5648 болып тіркелді).