Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 132 · қабылданған 05.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143737/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 132 ·05.06.2020
05.06.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 132 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
132
Қабылданған күні
05.06.2020
Көрсетілген редакция
05.06.2020 143737_466394.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20Z0006279
ЭКБ идентификаторы
143737
Редакция идентификаторы
143737_466394
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:11

0 Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Б.Сейтқали) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы «___» __________ № қаулысына қосымша

1

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 221 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4056 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 13 қазанда жарияланған).

2

2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 138 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4433 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 2 маусымда жарияланған).

3

3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 142 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 221 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4436 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 15 маусымда жарияланған).

4

4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 316 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 221 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4604 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 7 желтоқсанда жарияланған).

5

5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 309 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 221 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5497 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 21 қаңтарда жарияланған).

6

6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 120 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 138 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 31 мамырда жарияланған).

Қолданыстағы