Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 13.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2020 143775_512247.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VQ007168
- ЭКБ идентификаторы
- 143775
- Редакция идентификаторы
- 143775_512247
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:33
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3 3) ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Ұлан ауданы әкімдігінің қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Жөргекбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Ұлан аудандық мәслихатының О. Сыдықов
хатшысы
2020 жылғы «___» ____________
9 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы «13» мамырдағы № 143 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
1 1) халықты жұмыспен қамту орталығының директоры;
2 2) халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары;
3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистенттер;
4 4) үйде әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшесінің меңгерушісі;
5 5) әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшенің кеңес берушісі;
6 6) әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшенің әлеуметтік жұмыскері.
2 2. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, интернат, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, оқу-өндірістік пункт меңгерушісі;
2 2) барлық мамандықтар мұғалімдері, медбике, аға тәрбиеші, тәрбиеші, тәлімгер, аға шебер, шебер, оқытушы, музыкалық жетекші, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог-психолог;
3 3) зертхана жетекшісі;
4 4) әдістемелік кабинет басшысы;
5 5) меңгерушісі: интернат, кітапхана, мұражай, оқу кабинетінің, оқу зертханасының, спорт құрылыстарының, медициналық педогогикалық комиссия психологі;
6 6) кітапханашы;
7 7) әдістемеші;
8 8) үйірме жетекшісі;
9 9) аудармашы;
10 10) тренер;
11 11) хореограф;
12 12) тәрбиешінің көмекшісі;
13 13) нұсқаушы.
3 3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1 1) директор және директордың орынбасары
2 2) мәдени ұйымдастырушы;
3 3) кітапханашы;
4 4) аккомпаниатор;
5 5) мәдени тынығу жұмысының қызметкері;
6 6) музыкалық оператор;
7 7) музыкалық жетекші;
8 8) вокалдық тобының басшысы;
9 9) хореограф;
10 10) концертмейстер;
11 11) демалыс ұйымдастырушы;
12 12) техникалық әртіс, дыбыстық оператор;
13 13) әдіскер;
14 14) сектор меңгерушісі;
15 15) клуб меңгерушісі;
16 16) суретші;
17 17) хормейстер;
18 18) солист;
19 19) қоюшы-режиссер.
4 4. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
1 1) басшы, директор;
2 2) директордың, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
3 3) нұсқаушы, әдіскер-нұсқаушы;
4 4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.
56 Күштері жойылатын Ұлан ауданы әкімдігімен қабылданған қаулылар тізімі:
Ұлан ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «13» мамырдағы
№ 143 қаулысына
№ 2 қосымша
Күштері жойылатын Ұлан ауданы әкімдігімен қабылданған қаулылар тізімі:
1
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 03 маусымдағы № 292 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 4611 нөмірімен тіркелген, 2016 жылдың 26 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысы;
2
2. Ұлан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 46 «2016 жылғы 3 маусымдағы № 292 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 5001 нөмірімен тіркелген, 2017 жылдың 03 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысы;
3
3. Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 177 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қымсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 5-17-182 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысы.