Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 879
- Қабылданған күні
- 11.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2020 143791_466109.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NA009265
- ЭКБ идентификаторы
- 143791
- Редакция идентификаторы
- 143791_466109
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:06
0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне инженерлік желілерді жүргізу мен пайдалану мақсатында келесі объектілер бойынша:
- «Киевская көшесі бойынша газбен жабдықтау желілерін салу» Қостанай қаласы, Киевская көшесі мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,6488 гектар жер учаскесіне;
- «Л. Чайкина көшесі бойынша газбен жабдықтау желілерін салу» Қостанай қаласы, Л. Чайкина көшесі, мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,2659 гектар жер учаскесіне;
- «Узкоколейная көшесі бойынша газбен жабдықтау желілерін салу» Қостанай қаласы, Узкоколейная көшесі мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,2566 гектар жер учаскесіне;
- «Пикетная, Мостовая, Линейная, Сарыбай көшелері бойынша газбен жабдықтау желілерін салу» Қостанай қаласы, Пикетная, Мостовая, Линейная, Сарыбай көшелері мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 1,1997 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.