О переименовании и изменении транскрипции наименования некоторых населенных пунктов Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании и изменении транскрипции наименования некоторых населенных пунктов Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атаудың транскрипциясын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- upd
- Нөмірі
- 527
- Қабылданған күні
- 05.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2020 143807_494076.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20C0007176
- ЭКБ идентификаторы
- 143807
- Редакция идентификаторы
- 143807_494076
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:11
0 Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атаудың транскрипциясын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 3 шілдедегі, 2019 жылғы 26 қыркүйектегі, 2019 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындылары, Әйтеке би, Қобда аудандары әкімдіктерінің және мәслихаттарының ұсыныстары негізінде, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақтөбе облысының кейбір ауылдық округтері және жекелеген аудандарының:
1 1) Әйтеке би ауданы бойынша:
Комсомол ауылдық округін «Темірбек Жүргенов» ауылдық округі;
Комсомол ауылдық округі Комсомол ауылы «Темірбек Жүргенов» ауылы;
2 2) Қобда ауданы бойынша:
Бегалы ауылдық округінің Калиновка ауылы Бесқұдық ауылы деп қайта аталсын.