Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № А-6/164 · қабылданған 10.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143834/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ А-6/164 ·10.06.2020
10.06.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ А-6/164 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-6/164
Қабылданған күні
10.06.2020
Көрсетілген редакция
10.06.2020 143834_466319.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20BC007891
ЭКБ идентификаторы
143834
Редакция идентификаторы
143834_466319
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:08

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Ақкөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін Ақкөл ауданының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 30 гектар «TS Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймастан 2023 жылғы 29 сәуірге дейін мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. Пайдалы қазбаларға барлау жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде «TS Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.В. Курушинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы