Құжат мәтініне өту

О медали «Халық алғысы»

Жарлық · № 348 · қабылданған 08.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-143846/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О медали «Халық алғысы» Қолданыста Жарлық ·№ 348 ·08.06.2020
02.01.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О медали «Халық алғысы»

Қолданыста Жарлық ·№ 348 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О медали «Халық алғысы»
Атауы (қаз.)
«Халық алғысы» медалі туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
348
Қабылданған күні
08.06.2020
Көрсетілген редакция
02.01.2023 143846_619043.kaz
Соңғы өзгеріс
02.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2000000348
ЭКБ идентификаторы
143846
Редакция идентификаторы
143846_619043
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:10

0 «Халық алғысы» медалі туралы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін, сондай-ақ пандемиямен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Халық алғысы» медалі тағайындалсын.

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) «Халық алғысы» медалімен наградтау қағидалары;

2 2) «Халық алғысы» медалінің сипаттамасы бекітілсін.

3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 «Халық алғысы» медалімен наградтау ҚАҒИДАЛАРЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 8 маусымдағы
№ 348 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Халық алғысы» медалімен наградтау
ҚАҒИДАЛАРЫ

1 1. Осы Қағидалар «Халық алғысы» медалімен (бұдан әрі – медаль) наградтау тәртібін регламенттейді.

2 2. Медальмен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін, пандемиямен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.

3

3. Медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары, Үкіметі, Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.

4 4. Медальды Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады.

5 5. Медальды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша:

1 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі;

2 2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.

6 6. Медальды тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің Наградтау туралы жарлығы жария етіледі.

7 7. Әрбір наградталушыға медаль тапсырумен бір мезгілде тиісті куәлік беріледі.

8 8. Медаль кеуденің сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.

9 9. Медальды тапсыру жүргізілгені туралы белгіленген нысанда хаттама жасалады, ол тапсыруды жүргізген адамның қол қоюымен, органның мөрімен бекітіледі және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.

10 10. Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

2 «Халық алғысы» медалінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 8 маусымдағы
№ 348 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Халық алғысы» медалінің сипаттамасы
«Халық алғысы» медалі белгіден және тағаннан тұрады.
Медальдің белгісі алтын түстес жез металдан жасалған диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер болады.
Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе «Birgemiz» логотипінің бейнесі жасалған. Медальдің жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Медальдің төменгі жағында «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» деген жазу бар.
Медальдің сыртқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орналасқан. Ортаңғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2020» деген жазу бар.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы алтын түстес жез металдан жасалған ені 32 мм тікбұрышты тағанмен жалғасады. Ортаңғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек орналасқан. Таған көгілдір түсті эмальмен құйылған.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеті ернеумен жиектелген. Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визорлы бекіткіші бар түйреуіш орнатылған.

3 «Халық алғысы»

медалінің
сипаттамасына
ҚОСЫМША

Қолданыстағы