О повышении базовой ставки земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Балхаш
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовой ставки земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Балхаш
- Атауы (қаз.)
- Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/325
- Қабылданған күні
- 10.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2022 143897_570459.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KD005881
- ЭКБ идентификаторы
- 143897
- Редакция идентификаторы
- 143897_570459
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:08
0 Балқаш қаласы бойынша
пайдаланылмайтын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 маусымдағы №3/31 «Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3879 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде №72-73 (12466) «Балқаш өңірі», 2016 жылғы 1 шілдеде №54-55 (1519) «Северное Прибалхашье» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 шілдеде жарияланған) шешімі.