Об утверждении Правил оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств и их размеров педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств и их размеров педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 540
- Қабылданған күні
- 11.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2020 143911_466935.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20K0005882
- ЭКБ идентификаторы
- 143911
- Редакция идентификаторы
- 143911_466935
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:06
0 Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы
«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 5 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының ауылдық елді
мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және оның мөлшері бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және оның мөлшері
Қарағанды облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 11
маусымы
№ 540
шешімімен бекітілген
Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және оның мөлшері
1
1. Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және оның мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерде кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу
(бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) тәртібін және оның мөлшерін айқындайды.