Об утверждении норм сбора физическими лицами на территории государственного лесного фонда для собственных нужд лесных ресурсов и ставок платы за лесные пользования в государственном лесном фонде и особо охраняемых природных территориях Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм сбора физическими лицами на территории государственного лесного фонда для собственных нужд лесных ресурсов и ставок платы за лесные пользования в государственном лесном фонде и особо охраняемых природных территориях Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының аумағында өз мұқтаждары үшін жеке тұлғалардың орман ресурстарын жинау нормаларын және мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6С-45-4
- Қабылданған күні
- 18.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2020 143998_467394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20B0007907
- ЭКБ идентификаторы
- 143998
- Редакция идентификаторы
- 143998_467394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:00
0 Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының аумағында өз мұқтаждары үшін жеке тұлғалардың орман ресурстарын жинау нормаларын және мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса берілгендер:
1 1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз мұқтаждары үшін орман ресурстарын жинау нормалары;
2 2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шайыр және ағаш шырынын дайындауға төлем мөлшерлемелері;
3 3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлем мөлшерлемелері;
4 4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлем мөлшерлемелері;
5
5) осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын аңшылық шаруашылығының қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелері бекітілсін.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті Ақмола облыстық
орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясы»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
0 Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз мұқтаждары үшін орман ресурстарын жинау нормалары
Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 18 маусымдағы
№ 6С-45-4 шешіміне
1-қосымша
Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз мұқтаждары үшін орман ресурстарын жинау нормалары
№
р/б
Орманды пайдалану және ресурстар
түрінің атауы
Бір адамға жинау нормасы, килограмм
1
Қосалқы сүрек ресурстарын жинау
1.1
Қабықтар
10
1.2
Бұтақтар
200
1.3
Жапырақтар
10
1.4
Бүршіктер
10
1.5
Томарлар
500
1.6
Тамырлар
200
2
Дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты жинау
2.1
Шөптер
20
2.2
Гүлдер
10
2.3
Жапырақтар, сабақтар және өркендер
10
2.4
Жемістер және жидектер
20
2.5
Тамырлар
10
2.6
Бүршіктер
10
3
Жанама орман ресурстарының кейбір түрлерін жинау
3.1
Жемістер және жидектер
30
3.2
Саңырауқұлақтар
50
3.3
Мүк
50
3.4
Орман жамылғысы және түскен жапырақтар
50
3.5
Қамыс
500
9 Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шайыр және ағаш шырынын дайындауға төлем мөлшерлемелері
Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 18 маусымдағы
№ 6С-45-4 шешіміне
2-қосымша
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шайыр және ағаш шырынын дайындауға төлем мөлшерлемелері
№
р/б
Орманды пайдалану және ресурстар түрінің атауы
Өлшем бірлігі
Айлық есептік көрсеткіште өлшем бірлігі үшін төлем мөлшерлемесі
1
Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде шайыр және ағаш шырындарын дайындау
1.1
Шайыр дайындау
гектар
0,62
1.2
Ағаш шырындарын дайындау
гектар
0,31
2
Дайындалған шайыр және ағаш шырындарының әрбір центнері үшін
2.1
Шайыр дайындау
центнер
0,39
2.2
Ағаш шырындарын дайындау
центнер
0,25
10 Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлем мөлшерлемелері
Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 18 маусымдағы
№ 6С-45-4 шешіміне
3-қосымша
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлем мөлшерлемелері
№
р/б
Қосалқы сүрек ресурстары
Өлшем бірлігі
Айлық есептік көрсеткіште
өлшем бірлігі үшін
түрлері бойынша
қайың
көктерек,
терек, ағаш тектес тал
қарағай
1
Қабықтар
тонна
0,016
0,011
0,021
2
Бұтақтар
тонна
0,032
0,022
0,042
3
Жапырақтар
тонна
0,024
0,016
0,032
4
Бүршіктер
килограмм
0,016
0,011
0,021
5
Түбірлер
тонна
0,008
0,005
0,010
6
Тамырлар
тонна
0,048
0,033
0,063
11 Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлем мөлшерлемелері
Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 18 маусымдағы
№ 6С-45-4 шешіміне
4-қосымша
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлем мөлшерлемелері
№
р/б
Орманды пайдалану түрінің атауы
Өлшем бірлігі
Айлық есептік көрсеткіште өлшем бірлігі үшін төлем мөлшерлемесі
1
1.1
1.2
1.3
Шабындық алқаптарының сапалық жай-күйінің топтары бойынша шөп шабу:
жақсы (өнімділік – 3,5-5,0 центнер/гектар),
қанағаттанарлық (өнімділік – 2,0-3,5 центнер/гектар),
нашар (өнімділік – 0,8-2,0 центнер/гектар)
гектар
гектар
гектар
0,975
0,731
0,569
2
2.1
2.2
2.3
2.4
2.5
2.6
2.7
Мал жаю
Ірі мал:
Түйе
Ірі қара мал
Жылқы
Ұсақ мал:
Жас ірі қара мал
Есек
Ешкі
Қой
бас
бас
бас
бас
бас
бас
бас
1,109
0,900
0,900
0,450
0,443
0,788
0,225
3
3.1
3.2
3.3
3.4
3.5
Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат
Шөптер, гүлдер, жапырақтар
Сабақтар және өркендер
Бүршіктер
Тамырлар
Жемістер және жидектер
килограмм
килограмм
килограмм
килограмм
килограмм
0,005
0,005
0,003
0,003
0,005
4
4.1
4.2
4.3
4.4
4.5
Орман ресурстарының жекелеген түрлерін дайындау
Жидектер
Саңырауқұлақтар
Мүк
Қамыс
Орман жамылғысы және түскен жапырақтар
килограмм
килограмм
центнер
тонна
центнер
0,047
0,13
0,024
0,270
0,019
5
Аң шаруашылығы және марал шаруашылығы
гектар
0,870
6
Ара ұялары мен омарталар орналастыру
араның ұясы
0,813
7
Бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де
ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру
гектар
Қазақстан Республикасының Салық кодексімен анықталған жер салығының деңгейінде
12 Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын аңшылық шаруашылығының қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелері
Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 18 маусымдағы
№ 6С-45-4 шешіміне
5-қосымша
Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын аңшылық шаруашылығының қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелері
№
р/б
Орманды пайдалану түрінің атауы
Өлшем
бірлігі
Айлық есептік көрсеткіште өлшем бірлігі үшін төлем мөлшерлемесі
Ұзақ мерзімді орман пайдалану
1
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажетіне пайдалану
гектар
0,813
2
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану
гектар
0,406
3
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану
гектар
0,292
4
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларын отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану
гектар
0
Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)
1
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану
1 күн
0,1
2
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану
1 күн
0,1