Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов

Бұйрық · № 76 · қабылданған 15.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-144021/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов Қолданыста Бұйрық ·№ 76 ·15.06.2020
05.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов

Қолданыста Бұйрық ·№ 76 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76
Қабылданған күні
15.06.2020
Көрсетілген редакция
05.08.2024 144021_717109.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020889
ЭКБ идентификаторы
144021
Редакция идентификаторы
144021_717109
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:03

0 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1

1) «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қарашада «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е статистикалық есеп нысанында:
№ 1 кесте «Қылмыстық қудалау органдарының негізгі көрсеткіштері»:
мынадай мазмұндағы 84-жолмен толықтырылсын:
«
84
Мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша қорытынды прокурорға жіберілді (ҚР ҚПК-нің 668-бабының 5-бөлігі)
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті құрастыру нұсқаулығында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Есепті кезеңнің соңғы күнінде сағат 00.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) СДТБТ-ға ЭАЕҚ-ны түпкілікті жүктегеннен кейін белгілі бір кезеңде қалыптастырылған статистикалық есепті есептеу жүргізіледі (статистикалық кесінді), ол есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-санында бекітіледі.
Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылып, бекітілген статистикалық есепке (статистикалық кесіндіге) қандай да бір түзетулерді енгізуге тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармағымен толықтырылсын:
«15-1. 84-жолда ҚР ҚПК-нің 668-бабының бесінші бөлігінің тәртібінде мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша қорытынды көрсетіледі.»;

2

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет және жұмыста пайдалану үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының
2020 жылғы 15 маусымы
№ 76 бұйрығына
қосымша

Қолданыстағы