Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения
- Атауы (қаз.)
- Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 205-1238
- Қабылданған күні
- 22.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2020 144047_489567.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20A0001273
- ЭКБ идентификаторы
- 144047
- Редакция идентификаторы
- 144047_489567
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:58
0 Жергiлiктi маңызы бар
балық шаруашылығы
су айдындарының тiзбесiн
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жануарлар
дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы
9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы
2-тармағының 3) тармақшасына, «Астана қаласының шекарасын
өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 418 Жарлығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Келесі жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесi бекітілсін:
Майбалық көлі, алаңы 3007,0 га.
2 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он
күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында
таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін
жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні
ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.