Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства
- Атауы (қаз.)
- Басым дақылдардың тiзбесін және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 56
- Қабылданған күні
- 18.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2021 144051_548501.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20L0007527
- ЭКБ идентификаторы
- 144051
- Редакция идентификаторы
- 144051_548501
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:01
0 Басым дақылдардың тiзбесін және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 20209 нөмірімен тіркелген) сәйкес
Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған басым дақылдардың тiзбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.
2 2. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және
субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы 16 қазандағы № 1244 қаулысы (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6476 нөмірімен тіркелген,
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық
бақылау банкінде 2018 жылғы 6 қарашада жарияланған);
2 2) «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және
субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы 16 қазандағы № 1244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 63 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
Тізілімінде 6919 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 20 қыркүйекте жарияланған).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қызылорда облысы әкімдігінің
2020 жылғы 18 маусымы
№ 56 қаулысымен бекітілген
Басым дақылдардың тiзбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен
сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
№
Басым дақылдың
тізбесі
Бір тоннаға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидия нормасы, теңге
1.
Күріш
3500